«Alem Barysy». Көрермендер арасында көлік ойнатылады

Қазақ күресінің жанкүйерлері үшін арнайы акция жарияланды.

І Халықаралық  «Alem Barysy» турнирін ұйымдастырушылар қазақ күресінің жанкүйерлері үшін арнайы акция жариялады.

22 қазаннан 25 қазанға дейінгі аралықта Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайының кассасынан екі билет сатып салсаңыз, сол бағамен үшінші билет тегін беріледі.

Жарыс аяқталған соң көрермен билеттері бойынша жүлде ойнатылмақ. Ұтысқа «Nissan Almera» автокөлігі қойылып отыр.

Еске сала кетейік, «Alem Barysy» турнирі 2014 жылдың 25 қазанында, сағат 12.00-де  Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында өтеді.

Жарысқа 35 елдің палуандары қатыспақ.

Дереккөзі — «Қазақстан» ұлттық арнасы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*