Куба палуаны «Әлем барысы» атанды

Айта кетсек, Брайсон Видаль — дзюдодан Олимпада ойындарының қола жүлдегері. Екінші орынды отандасымыз Айбек Нұғымаров иеленді.

Қазақ палуаны Айбек Нұғымаров бар күш-жігерін салды, алайда жеңіс кубалық палуанға бұйырды. Сөйтіп, Брайсон Видаль «Alem Barysy» алтын белбеуін иеленді, деп хабарланған «Қазақстан барысы» сайтында.

«Әлем барысының» қола жүлдесін ресейлік Максим Ширяев жеңіп алды.

Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құраған алғашқы халықаралық турнирге 35 елдің спортшылары қатысты.

Турнирде еліміздің намысын төрт балуан қорғады: олар «Қазақстан барысы-2012» —  Бейбіт Ыстыбаев, екінші маусым жеңімпазы Айбек Нұғыманов, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалисі Асыл Барменов және үшінші маусымының қола жүлдегері Руслан Әбдіразақов.

Дереккөзі BNews.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*