Қазақстан көкпаршылары Көкшетауға жиналды

IMG_3050

«Тұлпар» атшабарында ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты басталып кетті. Биылғы бәсекенің бағдарламасына қыз қуу мен теңге ілу және аударыспақ секілді ойындар кіріпті.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жарыстың мәртебесін арттыру үшін қомақты жүлде қорын да тағайындапты. Мысалы аударыспақта жеңіске жеткен жігітті 400 мың теңге сыйақы күтіп тұрса, көкпарда топ жарған команда 1 миллион 200 мың теңгені алады. Жалпы, қазір ұлттық спорт даму деңгейіне түсті. Өзіндік ережесі қалыптасқан көкпар жалпыхалықтық сипат алу үшін әлі де атқарылар істер көп. Ең бастысы додаға арналған арнайы спорт алаңдары жоқ. Тіпті кей аймақтарда көкпар командасы құрылмаған дейді, мамандар. Биылғы 13-ші біріншіліктен Атырау мен Маңғыстау облыстары шет қалды. Ел чемпионаты осы жұмада мәреге жетеді. Негізгі дода Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан және Астана арасында өтеді дейді, тақымы мықты жігіттер. Шығыс Қазақстан да жүлденің бірі біздікі деп отыр.

«Хабар»

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.