Бүркітшілер бабында

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясы оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Құсбегілердің арасында мұндай оқу-жаттығу жиыны бірінші рет ұйымдастырылды. Бұған дейін өзара жарысып, бәсекелес болып келген бүркітшілер алғаш рет бірге дайындалып, бір-бірімен тәжірибелерін бөлісті.

14 күнге созылған іс-шара Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы «Горная» аңшылық шаруашылығында өткізілді. Жаттығуға 15 құсбегі мен жаттықтырушылар қатысты. Осылайша құсбегілер таяу күндері Моңғолияда өтетін халықаралық жарысқа дайындалуда.

Ұйымдастырушылар дайындық жұмыстары ойдағыдай жүргізілгенін айтты. Құстар да, құсбегілер де тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, қандай жарысқа да тастүйін дайын екендерін көрсетті.

Құсбегілердің оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруға Ерейментау ауданының әкімшілігі де атсалысты.

 20141022_150946 - копия

20141023_124333 - копия

20141023_124346 - копия

0

20141023_124415

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*