Түрік телеарнасы ұлттық спортымызды насихаттамақшы

IMG-20141028-WA0002Астанада Түркияның әйгілі TRT-AVAZ телеарнасы директорының орынбасары Мұрат Акош пен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспанов кездесіп, қазақтың ұлттық спортын түркітілдес бауырларымыздың арасында кеңінен насихаттау туралы әңгіме өрбітті.

TRT-AVAZ — қоғамдық телеарна. 8 мемлекетке хабар тарататын телеарна Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан секілді бауырлас елдердің ұлттық өнерін, дәстүрін, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламаларын көрерменге түрік тілдінде ұсынады.

Мұрат Акош өз телеарналарының техникалық мүмкіншіліктері ұлттық спортты жан-жақты және толық насихаттауға жеткілікті екенін айтып, көрермендер арасында көшпелілердің дәстүрлі өнеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін жеткізді.

Мұрат Акош пен Ерлен Оспан дәстүрлі спортты, соның ішінде көкпарды дамыту жоғары деңгейдегі насихат пен қамқорлықты қажет ететінін сөз етіп, алда бірлесіп жұмыстар жасауға уағдаласты.

Әсіресе, келесі жылы Түркияда өтетін ІІ-ші Көкпардан ашық Азия чемпионатын алдын ала насихатату, жарыстарды тікелей эфирде көрсету секілді маңызды мәселелерде келісімдерге келді.

IMG-20141028-WA0001

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*