Шымкентте халықаралық турнир өтеді

15Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді. Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр. Барлығы өз еліміздің спортшылары. Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды.

Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын Шымкетке ат басын тірейді.

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*