«Дарабоз дәстүр»: Сырым Әділбеков

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын. Мүшәйраның басты шарттары мында.

Байқауға қатысатын өлеңдер 2014 жылғы 10-желтоқсанға дейін қабылданады. Өлеңдер ulttyqsport.kz және kazaitys.kz сайттарында жарияланып тұрады. Бүгін алғашқы үміткердің мүшәйраға жолдаған өлеңін жариялап отырмыз.

Сырым Әділбеков

 

Еркін тақырып

Сатылып барам

(Шет елге сатылып бара жатқан баланың айтқан сөзі)

Жауыздық келіп жағаластың ба,
Жолынан кетті шатылып қоғам.
Тапталып намыс табан астында,
Шет елге қарай сатылып барам.

Бейтаныс мені елге асырдың,
Тағдырым қатал азаппа сорма.
Періште болған пенде басымның,
Қажеті жоқпа қазаққа сонда.

Қолдамай жатқан қорғайтын ұлды,
Еліме барам айып таға алмай.
Басыңа қазақ қандай күн туды
Мені сатқаннан байып қалардай.

Жүректен шерлі ақтарылды азап,
Сатылып барам елдерден-елгей .
Жетімді жұлып сатқаның қазақ,
Етіңді сылып бергенмен бірдей.

Шынжырлы заман шатақ еретін,
Қалайша жүрек азарланбайды.
Баланы бағып сата беретін,
Балалар үйі базарға айналды.

Көк туды тіктеп құздан байласаң,
Қап-қара түнек бұлтқа оранбас ең.
Ұрпақты сатпа азғантай қазақ,
Ұрпақты сақта ұлт болам десең.

 

Дарабоз дәстүр

(Менің балалық шағым былай өтті)

Балалық ғұмыр ойрадың кенет,
Басыма қайтып келмесің анық.
Бала боп тағы ойнағым келет,
Тар маңдайымды терге суарып.

Сағаттың тілін кері айналдырып,
Сендегі қызық сәттерді еске алам.
Меңіреу өмір мені ойландырып,
Балалығымнан әттең жасқаған.

Беу өмір мені барасың сезіп,
Бала боп бәрін бастадық білем.
Ойменен қырдың арасын кезіп,
Ойыннан көзді ашпадық кілең.

Тұлпардай жалын тарана білгем,
Жақсы ойындарға жаным байланып.
Айызым қанбай ағаларыммен,
Асық ойнаушы ем ауылды айналып.

Аттардың бәрін арқандап іліп,
Ат жарыс жасау салт тағы бар ет.
Атам баптаған шауқарға мініп,
Шабандоз болып шапқаным бар ет.

Балалық шағым тыным таппады,
Бітірген сонда шаруам қандай.
Күреске тоймай жығылсақ тағы,
Күш сынасушы ем палуандардай.

Ер жеттім болат мойындауыма,
Әрине бұлар айғағым ескі.
Қазақтың ұлттық ойындарына,
Балалық шағым байланып өсті.

Қазақ баласы шошынбай көріп,
Қазақы салттан әл құрап көрсе.
Бала кезі өтсе осындай болып,
Дарабоз дәстүр жаңғырат менше.

«Kazaitys.kz»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*