Павлодарда «Жас Барыс» турнирі өтеді

600_4fe800779b817cd90f2b2ad20b0f1058Қазақ күресінен балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді, — деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту Қорының баспасөз қызметі.

5-7 қараша аралығында Павлодар қаласында «Жас Барыс» атты ІІІ республикалық турнир өтеді. Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар жасөспірімдер мен жастар қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар. Ал турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді:

•14-15 жасқа дейінгілер арасында 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50кг, 55кг, 60кг, 66кг, 73кг +73кг салмақ дәрежесінде;

•16-17 жасқа дейінгілер арасында 46кг, 51кг, 57кг, 64кг, 72кг, 81кг, +81кг;

•18-19 жасқа дейінгілер арасында 55кг, 60кг, 70кг, 80кг, 90кг, +90кг;

«Жас Барыс» турнирі Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Дереккөзі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*