Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге толық дайын

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) техникалық инспекциясы Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге толық дайын.

0864dbf69b252202535cc580439ba61e

«14-15 қыркүйекте IWF өкілдері Алматы қаласында болды. Сапар барысында телевизиялық хабар тарату, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайын турнирді өткізетін орын ретінде дайындау мәселелері талқыланды, сондай-ақ әлем біріншілігі қарсаңында Халықаралық федерациялар конгресін өткізуге дайындық шаралары пысықталды», — делінген Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында.

Әлем чемпионатын Қазақстан аумағында «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, әлемдік дода Қытай, Бразилия, Латвия, Польша, Иран секілді көптеген елдерде тікелей эфирден таратылады. Сондай-ақ, «Eurosport» арнасынан да көрсетіледі деп күтілуде. Халықаралық федерация техникалық дайындыққа жоғары баға берді.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында Алматы өтеді. Турнирде 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Қазақстан намысын екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және тағы да басқа спортшылар қорғайды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*