«Дарабоз дәстүр» — Ринат Қайратұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын. Мүшәйраның басты шарттары мұнда тұр. Басыңыз

Байқауға қатысатын өлеңдер 2014 жылғы 10-желтоқсанға дейін қабылданады. Өлеңдер ulttyqsport.kzжәне kazaitys.kz сайттарында жарияланып тұрады. Бүгін мүшәйраға келіп түскен тағы бір үміткердің өлеңін жіберіп отыр.

Әбдіқалық Ринат Қайратұлы

Сен- қазақ ұрпағысың!

            немесе

«Қазақ» деген кім?

 «Шежірем деп соқса, егер, жүрегің тым,

Жаңғыруы тарихтың, үдері шын.

«Қазақпын – мен»,

«Қазақ» деген кім, өзі,

Білемісің?

Атам-қазақ – жүйріктей шешен болған,

Жібермеді кемсітіп есеңді  «оған».

Арақ пенен сыра емес, есте сақта!

Шұбат пенен қымыз ед(і) кесең толған.

 Той , жыйынға барынан аянбаған,

Көңілі үшін қонақтың, аян маған –

Екі ішекті домбырамен елжіретіп,

Жеті шепті жер жүзін баяндаған.

Дәл сол  қазақ  жетімін жылатпаған,

Қол жайғызып қайыр іс сұратпаған.

Қонақ келсе, қайтармай, қойын сойып,

Дәмнен татпай кеткенді ұнатпаған.

Осы қазақ, жолынан адаспаған,

Нәпсісімен мәміле жасаспаған.

Жеті атаны асырып, қыз алысып,

Жеке қанын, арын да таза ұстаған.

Жай түсірген пәлені қырат, қырдан,

Айтысымен жылдарға жырақ қылған.

Көкпарында сұңқардай тым – ақ жылдам,

Шоқпарындай серкені лақтырған.

Осы қазақ «Алаш» деп ұрандаған,

Шатырында біреудің тұра алмаған.

Біле білсең, алғаш қазақ – қарахандар

Иман қорып, қорықан бір Алладан.

Шат, сүйікті әндетіп ескі жырын,

«Ақсүйекті» ойнаған кешкіғұрым.

«Аударысу» арқылы күш сынаған,

Қауқарысы жетпеген ешбірінің.

Терең тарих, егемендік жастығы бар,

Қазба, мұнай, мақтасы, астығы бар.

Сайтан алмас! Иманы берік  жұртпыз,

Қайталанбас салты мен дәстүрі бар.

Қазақ қызы – сыңары перизаттың,

Сусындаған заңымен «шариғаттың».

Бөркіменен, камзолы ерек, керім,

Көркіменен жаралған табиғаттың.

Кесіп өткен талайын қыл өткелдің,

Көшін жеккен болашақ үміттердің.

Таза жолы, күші мен ақылы тең,

Қазақ ұлы – төресі жігіттердің.

Ұқтың ба, енді, кім болған ұлт – арысың?

Ұлтың сендік, тым қате мін тағысың.

Жалынды өпкен, елім деп азап шеккен,

Қанын төккен шежіре ұрпағы үшін ,

Сен – ҚАЗАҚ ұрпағысың!!!

 ***               ***              ***                    ***

Адам заты — фәнидің қызығына тоймайтын тіршілік иесі.
Дегенімен жүргізетін тіршілік белшеден күнәға батыратыны анық .
Әрине, оған адамның жасаған күнә — амалдарының тікелей қатысы бар.
Нәпсісін тыйып, тәубесіне келу әрбір пендеге керек — ақ қасиет!

 Тағы бір жұма…

Елемей кеткен елең сезімге,
Тәкаппар көңіл төмендесін бе?!
Сауықтың суық көлеңкесінде,
Сыраға мәз боп жүрген кезімде
Қолын сілтеді тағы бір жұма…

Жақыным жаққан жарықты тұмшалап,
Сыйлаған пендені табалап,құл санап
Көбелек атауы түгелдей тойлайтын
Тосып жүргенде сенбіні күн санап,
Қолын сілтеді тағы бір жұма…

Келсем де құлап, жылап та талай
Ауызда — ару , құлақта құдай,
Достардың көкек көңілін қимай,
Жүргенде сыйлап жаратқанымдай,
Қолын сілтеді тағы бір жұма…

Тәлкек тағдырға ұлып, тым қынжыла,
«Сыйыну» дегенді ұмыттым біржола.
Түтінге тұншығып отырған кезімде,
Қолын сілтеді тағы бір жұма…

Көңілге уағыз енді тұшына,
Өлімге сана сенді қысыла
Алланың берген мүмкіндігінен,
Сауап теремін енді құлшына,

Бұйырып жатса ендігі жұма…

«ulttyqsport.kz»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.