Найза лақтыру ойыны дамытылады

Анталья қаласында жирит ойынынан Түркия Республикасының ашық чемпионаты аяқталды. Бұл ат спорты ойынын түріктер орта ғасырдан бері ойнап келеді. 16 ғасырда бұл ойын әскери жаттығу ретінде жүрілетін. 19 ғасырда Осман Империясының сарайында тамашаланатын ең таңдамалы ойын болатын. Себебі өте қауіпті, жігіттен мергендік пен ептілік, шеберлік пен атбегілік секілді көп қасиет талап етілетін ойын. Бір кездері Сұлтан ІІ Махмұт жиритке тиым салғанымен, ұлттық ойын ұзамай қайта жаңғырып, ел ішінде кең тарады.

Жирит командалық ойын. Қысқаша ережесі – команда мүшесі қарсы жақтың алаңына атпен шауып барып сызылған шеңбердің ортасына қарай найзасын лақтырып жібереді, сосын бірден кері қашып арнайы сызыққа жеткенше қуғыншының өзіне лақтырған найзасын дарытпай кетуі керек. Осылай кезектеседі.

Түркия бойынша жиритпен шұғылданатын 78 команда бар. Содан іріктеліп шыққан 4 команда ақтық сынға түсті. Жеңісті Эрзрум қаласының командасы еншіледі.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Әбілханұлы және мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай бастаған қазақстандық ұлттық спорттың өкілдері ойын барысын толық тамашалап, марапаттау рәсіміне қатысты.

Түркия Республикасы Ұлттық спорт ойындары қауымдастығының басшысы Арыпаслан Джейлан арнайы шақырту жіберіп, қазақстандық әріптестерінің түріктің ұлттық ойынынын өз көздерімен көруін қалапты. Себебі, бүгінде түркі халықтарының ұлттық ойындары жаппай дамып келеді. Бірақ қай спорт түрі болса да бір елдің көлемінде шектелсе, танымалдығы артпайды, жанкүйерлері болмайды. Түрік ағайындар бәйге, көкпар, аударыспақ ойындары секілді жирит ойыны да халықаралық деңгейде өткенін қалайды. Сондықтан Қазақстанға арнайы бапкерлерді жіберіп, жирит ойыны командаларын құрып, ойын тәсілін үйретпекке келісім жасалды.

Түркия тарапы қазақстандық әріптестерінінің ұлттық спортты дамыту, насихаттауда әжептәуір тәжірибесі бар деп санайды және бірлесіп ауқымды шараларды жүзеге асыра алатындарына сенімді. Сондай шараның бірі —  келесі жылы Түркияда өтетін Көкпардан Азия чемпионатын өткізу барысы туралы арнайы келіссөз жүргізіліп, біраз мәселенің түйіні тарқатылды.

IMG-20141109-WA0001

IMG-20141109-WA0002

IMG-20141109-WA0003

IMG-20141109-WA0004

IMG-20141109-WA0005

IMG-20141109-WA0006

IMG-20141109-WA0008

IMG-20141109-WA0009

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*