Көкпардан ел чемпионатының жалауы желбіреді

Жеңімпаз атанған команда қыркүйек айында өтетін ашық Азия чемпионатына қатысады.

IMG_3078IMG_3021

Бүгін Көкшетау қаласында көкпардан ересектер арасында XIII Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді. Жарысқа Атыраудан басқа еліміздің 13 облысынан командалар қатысуда. Ұлттық ойын додасы жеті күнге созылады. Жеңімпаз атанған команда қыркүйек айында өтетін ашық Азия чемпионатына қатысады.

Көкпардан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен аударыспақ, қыз қуу және теңге алудан жарыстар ұйымдастырылады. Биыл ұлттық спортқа тігілген жүлде қоры да өткен жылдармен салыстырғанда, едәуір өскен. Ел чемпионатының толық нұсқасын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан   тамашалай аласыздар.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

«Қазақстан» ТРК

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.