«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Бақбер Алтайұлы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырғанын естеріңізге саламыз. Өлңдер қабылдау 10-желтоқсанға дейін жалғасады.

thumb (1)

 

 

 

 

 

 

Асық

(Ұлттық дәстүрге арнау)

Тұншықтырып тымырсып қала түні,
Ауылдағы сағындым бала күнді.
Сағындым ғой, сағындым көршіміздің,
Бала кезден бірге өскен қара қызы.

Білім іздеп қаланы жағалаған,
Қоймайын деп кеш қалып заманадан.
Көптен бері көндігіп қалған сонда,
Бар еді бір бауырым, жаман ағам.

Ақ шекпені шешіліп мамық қардың,
Жайлауына жаз көшті жайық нардың.
Бауырымды қалалық ауылыма,
Сағынышқа мінгізіп алып бардым.

Әжем менің асыл жан алып тегі,
Көңілінде көктемнің жарық кені.
Бауырыма қалалық ойнасын деп,
Асығымды сандықтан алып берді.

Бұлт ілінді кеудеме сұрапылдан,
Сәлден кейін таң атты шұбатылған.
Атам берген еліктің сақасы еді,
Жоғалды итке мүмкін ол лақтырған.

«Итке итаяқ тас, темір керек емес»,
Ойымды ойран дүние бөледі егес.
Аманаты атамның-сәби арман,
Ит ғұмырға мүжіліп өле көрмес.

Ұлытау ұлына

Қойнымда менің тарқаған базар,
Жылайды жалған дүние.
Теңселіп тентек тастарым жатыр,
Қос ішек елтіп күйіне.

Әлдебір нені жоқтай ма бейбақ,
Сапарын салған алысқа.
Құстар да қонбай суалған көлдер,
Қор болды-ау бақа, балыққа.

Шопанның шерткен кешегі сыры,
Бөрідей жатқан таңда ұлып.
Назымен бірге жылқышылардың,
Жартаста қалды жаңғырып.

Соңғы бір көшін жіберіп қимай,
Сарғайды қотан, қоралар.
Жыласа налып жайлаудың жазы,
Жұртым да тозып жоғалар.

Жусан мен гүлдің жұпарын алып,
Есер жел есті жырақта.
Көктемгі селдің соңынан көзі,
Ашылмады, әттең, бұлақ та.

Таңбалы таста тарихы қалған,
Ұлытау ұлы дегенмен.
Кеудемде қайнап жатады шері,
Адасқан арман сен ерген.

Төңкеріп тастап тірлігін түге,
Қосаяқтылар тобырын.
Табиғатыңа тегіңе қайтып,
Оралшы ұлым, қоңырым!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*