«ЭКСПО-2015» көрмесіне Қазақстан қымыз алып барады

600_3b683f52fc8d6dd31be1183f8e5ad866Миланда өтетін «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесіне қазақстандық делегация ұлттық сусынымыз — қымызды Германиядан алып барады. Себебі қымызға патентті алманиялықтар ертеректе алып қойған. Бұл туралы бүгін Алматыға келіп, журналистермен бейресми кездесу өткізген «Астана EXPO-2017» ұлттық комитетінің өкілдері хабарлады.

Қымыздан бөлек, көрмеге басқа да ұлттық тағамдар ұсынылады. Қазы-қарта, жал-жая. Бір қуантарлығы — бұл тағамдар әзірге өзімізге тиесілі. Кездесуде ұлттық компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Осы жылдың сәуір айында басталған ЭКСПО қалашығының құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп, жоспардан артық жұмыс істеліпті. Ал ұлттық компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей, «келесі жылдың шілде айына дейін, Мемлекет басшысы мен Үкіметке 174 гектар жерде қандай ғимараттар орналасатынын және оларды қалай пайдаланатынымызды толық көрсетеміз», — дейді. Сондай-ақ ол, Миланда өтетін көрменің тақырыбы біздікімен ұқсас болғандықтан, біраз тәжірибе жинақтап қайтамыз деп отыр.

«Ол көрмеге 160-тан астам ел қатысады. Бірақ біздің павильон бәрінікінен ерекше көріну үшін бар күшімізді саламыз. Бізде қандай ұлттық тағамдар бар екенін көрсетеміз. Бірақ еуропа елдерінің стандарттарына сәйкес қымызды Қазақстаннан алып бара алмаймыз. Сол себептен Германия аумағында қымыз дайындайтын компаниялармен келіссөздер жүргізілуде», — деді «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің жетекшiсi Айгүл МҮКЕЙ.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Астанада өткен Қазақстан-Италия экономикалық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Италия елінің тәжірибесімен танысу мақсатында Миланда өтетін ЭКСПО-2015 көрмесіне өз делегациямызды жіберетінімізді хабарлаған болатын. Қазіргі таңда «Планета үшін тағам, өмір сүруге қуат» тақырыбында өтетін көрмеге біздің ел шілде айынан бері өз павильионын құруда.

Дереккөзі baq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*