«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Мұқағали Кенжетайұлы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын. Өлеңдер 10-желтоқсанға дейін қабылданады.

thumb (3)

 

 

 

 

 

 

Түс

Ойнаққа салмай жұлмалап күшті,
Жұмсауды неге білмей келемін.
Қазақ болғасын, бір ғажап түсті,
Ұйықтап кетсем ылғи көремін.

Дәруі солай, қойды өрім баққан,
Қазақтығымен ауырған ұлдың.
Кеше түсімде той болып жатқан,
Қонағы жомарт ауылда жүрмін.

Тұлпарға тұлпар соғылар қабат,
Қызығы солай көкпар алаңның.
Қызығып тұрмын соңынан қарап,
Қыз қуып кеткен сотқар ағамның.

Сызық бойына тізіліп тіккен,
Асықтың бәрі тәуір болғасын.
Қызыл сақамның мүжіліп біткен,
Қойнына тықтым ауыр қорғасын.

Күрмеліп сөздің тілдің ұшында,
Сұлумен сылқым көз қадасамын.
Алтыбақанның бір бұрышында,
Тербеліп тұрды бозбала шағым.

Ауылға жаңа түскен келінге,
Етіп жүр ағам жеңгесін үлгі.
Ал менің көкем күш керуенінде,
Жердегі жұрттың теңгесін ілді.

Қызықтың бәрін елеп күндізгі,
Келмеп ед көршім жамбы алып көптен.
Орнынан досым демеп тұрғызды,
Аттың үстінен аударып кеткен.

Тоғызқұмалақ олжадай болар,
Жерден көтерер сүрінген ерін.
Құмалақпенен болжамайды оллар,
Бәйгеден кімнің бұрын келерін.

Танылар осы байлығым көпке,
Ауыстырсада жылдар атауын.
«Көкпарға кеттік, айғырыңды ертте,
Орныңнан кәне тұр балапаным».

Деп әкем мені оятып алды,
Қаумалар сәтте мені маңайым.
«Әке, кішкене қоя тұр, әлгі,
Күрестегі ұлды жеңіп алайын,
Бәйгенің соңын көріп алайын».

Сонарда қазақ баспаған із көп,
Олжасын шыңнан түсірген атып.
Бақытты қайтем басқадан іздеп,
Мені іздеп жүр ғой түсімде бақыт.
Бәйгенің шықса тездеп дүбірі,
Азуға қамшы тістелеп өтем.
Ал маған қызық, өзге ұлттың ұлы,
Ұйқыда қандай түс көреді екен?

 

 

Еркін тақырып:

Көк шалғын….

(Біздің ауылдың бейнесі)

Көк қағаз көріп ұмытты ол жақты,
Көк есек мінген көкмұрын бала.
Көк аспанымды бұлт торлапты,
Барып көргенмін жоқ тұғын жаңа.

Көк көрпесінен ілгері жатам,
Таяқ жегесін ілініп қалып.
Көк шыбық іздеп жүр менің апам,
Көк көйлегіне сүрініп талып.
Көк сөмке арқалап мектептен келді,
Көзі көк інім ұғып сабақты.
Көкірек көкем көк бет жеңгемді,
Көк ала қойдай қылып сабапты.

Көзіме түссе таныс асыққан,
Қолын ұсынбай сәлем береді.
Көк мұржалардан жарыса шыққан,
Көк түтіндермен жан емделеді.

Көңілді тірлік сәті мұңайтса,
Пенделік ойдан арылатынбыз.
Көк сәлделі ағай ақылын айтса,
Жаратушыға жалынатынбыз.

Көздегі мұңды бүркіп көлемді,
Көкірегіне жерлей салатын,
Қайран, Апам-ай, жыртық денемді,
Көк шөппен ғана емдей салатын.

Көк етектінің шағала арманын,
Көзінен ғана түсінуші едік.
Көк теректердің жаралап жанын,
Көп қыздың атын түсіруші едік.

Алшақтап кетіп ара бүгінгі,
Тұрмысың ауыл ашынып, арып,
Көк өрім менің балалығымды,
Көк шалғыныңа жасырып алып.

 

«ulttyqsport.kz»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.