«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Мирас Әбіл

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын.
thumb (4)

 

 

 

 

 

 

Теңге алу ойыны.

Ерттеп мінсе жарыста «ер қанатын».
Шабысына жете алмай жел қалатын.
Қайда екен сегіз қырлы сері жігіт,
Құйғытып тұлпар мініп теңге алатын.

Қиқулап қолпаштайды халық көріп,
О, онда қорқу да жоқ қауіптеніп.
Тебінсе жер тарпиды құла жорға,
Шаршамай шақырымға шауып келіп.

Қырағылық бар онда қырғидағы,
Қырғидай төмен қарай құлдилады.
Жылдамдығын жоғалтпай жылжиды әрі,
Теңгесін іліп алып ылдидағы.

Ойын ұмыт, қалды ма қалмады ма
Қоғамыңа көз салшы жан- жағыңа,
Өмір өзі Теңге алу ойыны ғой.
Теңгесіз жету қиын арманыңа.

Жігерімді жаныма қайрат қылып,
Күй ойнар көкірегімде төгілмелі.
Жыр тұлпарды келемін жайдақ мініп,
Теңгемді алу үшін өмірдегі.

 

Бал махаббат. (Мектепке сағыныш)

Бар есімде балалықтың әр күні,
Өткен шақты аңсататын өзіңмен.
Махаббат па не деуші еді әлгіні,
Сенің ғана көрінетін көзіңнен.

Ауласынан алыстамай үйіңнің,
Тостым талай мектебіңнің жолында.
Ұнау үшін әдемірек киіндім,
Қажеті боп қалар ма деп оның да.

Сыныбыңның күнде отемін сыртынан,
Сен отырған терезеге көрініп.
Жанарыммен жақындауға ұмтылам,
Қос бұрымың қиялымда өріліп.

Жүрегіме бергендей ақ келісім,
Қызартады қан жүгіріп бетіңді.
Сыныбыңның терезесі мен үшін,
Көңіліңнің терезесі секілді.

Қоңырауды күтем тағы асығып,
Көздегенім жүру емес қаңғырып,
Хаттарымды өзгелерден жасырып,
Кетуші едім сөмкесіне қалдырып

Үндемесе сүймегені деуші еді,
Жолдастарым жүрегімді жандырып.
Бал махаббат… хаттарды емес, мен сені
Сөмкесіне кетіппін ғой қалдырып.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*