«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Қожакелді Тоқбергенұлы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ…

Тарихы терең, ескінің көзі,
Атадан мұра, бабамның сөзі.
Қазақтың ақыл — ойының шыңы,
Тоғызқұмалақ тылсым күй өзі.

Айтайын сізге ойынның сырын,
Келмеген сірә жат ұлттан ұрын.
Отауын ойған таңдап табиғат,
Қазақтың мынау даламен — қырын.

Көнекөз қартым дұғаға сенген,
Қара топырақта тарихы өнген.
Тоғызқұмалақтың теңеуін таппай,
Жұлдызға көкте атауын берген.

Балаға мұра атадан қалған,
Қазақтың сірә жұлдызы жанған.
Тоғызқұмалақтың тағдыр тамшысы,
Қазақ қанымен бірлесе тамған.

Пайда табылмас мақсатсыз күштен,
Көрінер жеңіс аяқты іспен.
Мал баққан мынау бетбақдалада,
Қойшының ойы Нобельден үстем.

Талай ер өткен тарихта жасап,
Түп тамырымыз массагет Һәм сақ.
Тақтасыз таста есепті шешкен,
Альгебра атасы — білгенге қазақ.

Отауын ойып тоғыздан алған,
Қос қазан қазған, отауға жаннан.
Жүз алпыс екі құмалақ бөліп,
Тоғыз — тоғыздан отауға салған.

Көркін қыздырған қазақ тойының,
Шарықтау шегіме адам ойының.
Даламның данышпан дара ұланы,
Абайда сүйген қойшы ойынын.

Есеп, жұмбақ… Бәрі санамақ,
Жұмыр жер жауапсыз, жатыр домалап.
Бойына сан миллион есепті жиған,
Дарабоз дәстүрім — тоғызқұмалақ… .

 

Қара өлеңім…
(еркін тақырып)

Қара жолдың шаңқытып шаң тозаңын,
Қаранғы түн шырқап келем өз әнім.
Қара өлеңім, тастап кетпе ақынды,
Құрысын бәрі, сен кетсең менде тозамын.

Құрығын өмір ұзын ғып маған тастаған,
Қайда әкеп соғар бұл тағдыр мені бастаған.
Қара өлеңім қасиетің сенің кетпесін,
Қадірің кетсе құрырым анық, жасқанам.

Қаншама жолды өзіңмен соңға тастадым,
Қашпадым бірақ, өзіңнен алыс қашпадым.
Құдіреті мына маған ғана жететін,
Қадірсіз жылдар, солыпта барат жас жаным.

Қызыл тілімнің жоғалтып болдық қадірін,
Қайғымыз ортақ, сенің де жақын қабірің.
Қуанған күнде жазсамда сені өлеңім,
Қайғырған күнде өтіпте кетті зәбірім.

Қызғаншақ жалған, қызғанып менен күндерін,
Қызғанышпенен тағдырым неге күндедің.
Қызықтырумен қызыққа толы күндерді,
Қарақшы құсап ұрлайсың менен күнбе күн.

Құтты мекен әкемнен, қара шаңырақ білемін,
Құтылуға азаптан, қайтып елге келемін.
Қаршадай жаста елімді, алмасқаммын жырыма,
Қара өлең сен деп кеудемде, 
Соғып тұр мына жүрегім… .

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*