«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Санат Досболатұлы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын.

 

Ұлттық спортымыз кем қалмайды өзгеден…

Тізгін тартып, нық басатын тақымын,
Біз қазақпыз,ұрпағымыз батырдың.
Тұлпар мініп,керуенге жол бастап
Жүріп өттік миллиондаған шақырым.

Намыс,жігер кеудемізде қайнаған,
Жүзімізде жомарттылық жайнаған.
Біз қазақпыз, спорт десе жанымыз
Атпен бірге жарысудан таймаған.

Өзіндік бар тәртібі мен мәнері,
Құнан тайы басып озған мәрені.
Біздің ұлттық спортымыз қашанда
Мойындатып қойып алған әлемді!

Ауыздығын керіп тартып дөненнің,
Салым салып паш ететін өнерін.
Ерлеріміз ат үстінде алысқан,
Көкпарымыз спорт түрі көненің.

Бар қазақтың басын қосып далада,
Аламанды дүбірлеткен алаңда.
Біздің бәйге спорттардың төресі,
Үлгі болар дөңгеленген ғаламға.

Нысана қылып бір түйінді жердегі,
Аттан түспей іліп алу теңгені.
Теңге ілу, бұл қазақтың спорты,
Жетелейтін жақсылыққа пендені!

Жігіт жетсе ғашығым деп санайтын,
Сұлу жетсе қамшысымен сабайтын.
Ұлттық спорт қыз қуу бар қашанда,
Екі жасты махаббатқа балайтын.

Алма-кезек  түсіп шігі,бүгімен
Согып атар бірі қалмай бірінен.
Асық ату спорты бар жастардың,
Ойнап өскен сәби,бала күнінен.

Сексен бірдің тоғызға бөліп тастарын,
Есебіне салған жүйрік бастарын.
Тоғызқұмалақ ойыны бар қазақта,
Шахматын басып озар басқаның.

Шешендігін сап ететін сөзбенен,
Мақсатына  жетіп келген көздеген.
Қазағымның ұлттық дәстүр спорты,
Кем қалмайды еш уақытта өзгеден!
 

Бір өлеңім қалса болды артымда…

Байлық,мансап қажет емес молынан,
Бір жақсы іс келсе болды қолымнан.
Елім үшін жүректегі жырымның,
Бір шумағы қалса,жетер соңымнан.

Керек емес алтын,күміс жиғаным,
Керек емес базарлығы,сыйларың.
Өзім үшін өздеріңді құрметтеу,
Болса болды жүрегімде иманым.

Керек емес, қажеті жоқ ақшаның,
Керек емес зәулім үйі патшаның.
Өзім үшін өзгелерден ерекше,
Орны бөлек балалы үй,бақшамның.

Керек емес абыройың,атағың,
Керек емес мақтауың да, мадағың.
Өзім үшін өздеріңе апарар
Адал болса болды басар қадамым.

Керек емес гүлге толып құшағым,
Керек емес шет ел асып ұшқаным.
Өз елімде өздеріңмен сыйласып,
Болмағаны мың есе артық дұшпаным.

Керек емес таққа мінер даңқында,
Керек емес басшы болу халқыма.
Өздеріңе естелік болып қалатын,
Бір өлеңім қалса болды артымда!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.