Тоғызқұмалақ жеңімпазы 100 мың теңге мен планшет алды

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы (ҰСТҚ) және «Тоғызқұмалақ» федерациясының ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне орай Астана қаласындағы «Жастар» сарайында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан «Жас дарын» қалалық ашық турнирі өтті.

Турнирге Астана қаласының және Ақмола облысының ең үздік 32 жас спортшысы қатысты. Жарысты ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан мырза ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тоғызқұмалақты Абай, Ахмет, Әлихан бастаған ұлт зиялылары да жақсы көріп ойнап, оның үлкен насихатшысы болғанын жастарға айтып берді. Абайды тоғызқұмалақтан ешкім жеңе алмапты. Ұлттың ұлылары мән берген ұлық ойынға бүгінгі ұландардың қызығуы қуантады. Себебі, бұл жастар кешегі Алаштың ардақтылары аңсаған тәуелсіз, көзі ашық қоғамның өкілдері. Тәуелсіздіктің бағасын біліп, тұрақтылық пен татулықты ту еткен Елбасының ерен еңбегін түсіну үшін олар ең алдымен ұлттық құндылықтарды сүйіп, ұлтжанды болып өсуі керек. Тоғызқұмалақ соған тәрбиелейтін құралдың бірі екенін айтты.

Тоғызқұмалақ ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, толық қалыптасқан спорт түрi. Ол әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi.

ҚР ҰСТҚ тоғызқұмалақ ойынын жоғары деңгейде насихаттап, бұқараның қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отыр. Ол үшін түрлі ынталандыру шараларын жүзеге асыратын бастамаларды қолға алуда. Қауымдастық төл өнеріміздің өзге спорт түрлерімен иық теңестіріп, халықаралық деңгейге көтерілуі үшін мемлекеттің айрықша қамқорлығы қажет екенін ескере отырып, тоғызқұмалақ жанашырлары мен ұлттық спортқа еңбек сіңіріп жүрген адамдардың тиісінше құрмет көріп, лайықты бағасын алуына мүмкіндік тудыруды көздейді.

Тұңғыш президент күніне орай Астанада жасөспірімдер арасында өткен ашық турнир сол игі бастамалардың іске аса бастағанын білдіреді. Жарыстың негізгі мақсаты – жастардың отаншылдық сезімін нығайту, ұлттық құндылықтарға, дәстүрлі спортқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, тоғызқұмалақ ойынын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Жарыстың осы бір атаулы күн қарсаңында өткізілуі оның маңыздылығын арттырып, турнирдің дәрежесін көтереді. Елбасы «Мәңгілік ел» идеясына және «Зияткер ұлт-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып қол жеткізе алатынымызды айтқан. Сондықтан алдағы уақытта Тұңғыш президент күні тоғызқұмалақтан ашық турнир өткізіп тұру дәстүрге айналмақ.

Жарыста үшінші орынды иеленген Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті Айым Мұсаева. Ол 50 мың теңге ақша және планшет сыйлық алды. Екінші орын №54 мектептің оқушысы Нұржан Есенбектің еншісінде. Оған 70 мың теңге мен планшет табыс етілді. Ал бүгінгі ашық турнирдің жеңмпазы №4 мектептің оқушысы Нұрберген Риза болды. Оған жарыстың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атынан 100 мың теңге ақша мен планшет сыйға тартылды.

Жарыс соңынан мерекелік дастархан жайылып, турнирге қатысушылар Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенеті Бекболат Тілеухан мырзамен кешкі ас ішті. Кеш соңында қонақтар бір біріне қолтаңба беріп, естелік суретке түсті.

11

 

12

13

14

15

16

 

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

 

 

«Ұлттықспорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*