Көкшетауда ұлттық ойындардан Республикалық чемпионат басталды

08 Маусым 2013, 22:26

434_ca4774c21d06f69ed07048ee5ef11273

Бүгін Көкшетау қаласының Красный Яр кентінде Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпар мен Аударыспақтан – ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден – ҮІІ чемпионат басталды.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырған чемпионатқа «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік етті.

Аталған чемпионатқа еліміздің 15 аймағынан 300 спорт ойыншылары келді. Ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатында таратқан мәлімдесінде Атырау облысының командасы ешқашан көкпардан чемпионатқа қатыспағанын және осы жолы да келмегенін айтты. Ал, Маңғыстаудан келген команда көкпарға қатыса алмаса да ойынның өзге түрлеріне қатысады деп хабарлады.

Жүлде қоры – І орынға 1 200 000 теңге, ІІ орынға 800 000 теңге, ІІІ орынға 500 000 теңге болып белгіленді.

Өз тілшімізден.

Baq.kz

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*