«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Бұхарбаева Қымбат

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырған болатын.

  

«Ақ сүйек»  ойыны

Күн көшіп, аймен жұлдыз күлімдейді,
«Ақ сүйек»- арқау болып ғашықтарға.
Көл беті самал желмен дірілдейді,
Үн қосып қыз бен жігіт тілегіне.
Қызығы «Ақ сүйектің»  үнсіз ойын,
Шолпысы бойжеткеннің сылдыр қағып.
Қырмызы қыр гүліндей күткен бойын,
Серт беріп ғашық болған шын жүрекке,
Ай куә айтқан сырға «Ақ сүйекте»…

 

Алты бақан

Жырыңа мен қанықпын- алты бақан,
Сырларын, серілігін сағынышпен?
Үстінде төр көрпенің отыратын,
Еске алып, жастық шағын айтып Атам.
Сенімен тербелгенде  алты бақан,
Халықтың дәстүрі  ғой салтына тән.
Дәурені өткен күннің елесіндей,
Сары бел салқын жайлау белесіндей,
Алты бақан… Аңсаған Атам әні,
Белгісі  шаң басқандай үн  жатады.
Ақтарылған, өткен күннің парақтары,
Нанғысыз ертегідей  боп  барады…

«ulttyqsport.kz/»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*