«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы: Эльмира Оралбаева

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасы аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын

Дарабоз дәстүр 

Ұлттық ойын  –  елімнің сәні білем,
Әрбірі өнегелі, мәні терең.
Ұрпағын ізгілікке жетелеген,
Дана халқым әр істің парқын білген.

Ат емес пе, ер жігіттің қанаты,
Додаларда тайсалмай топ жаратын.
Туғанда бір басына сын сағаты,
Бәйгелерде дес бермей, оза шабатын.

Естіледі әсем әуен алты қырдан,
Бозбала бойжеткенмен жұбын құрған.
Олар отыр тұғырда тербетіліп,
Жараса ойын ойнап алтыбақан.

Мүдірмей нысананы дәл көздесе,
Ұзын сырық басына жамбы ілінген.
Болса да мейлі жерде, ат үстінде,
Ер жігіттің мергендігін содан көрем.

Шабандоз қыз келеді екпіндетіп,
Мәреге жетсем деп бұрын келіп.
Бозбала жеңілмеді, барын салды,
Қыздың бетін сүйді ол қуып жетіп.

Тәрбиені ойынмен де өре білген,
Дана халқым айналдым жүрегіңнен.
Біздер өсіп-өнерміз, көгерерміз,
Ақ пейілді батаңмен, тілегіңмен.

Салихалы ой түйіп, салмақтаған,
Бірі мерген, бірі шешен, бірі батыр.
Дархан далам, топырағың қымбат маған,
Бабамның табаны тиген, ізі жатыр…

 

  Дүниенің бар жылуы Анада!

Әлемнің бар анасы қымбат маған,
Перзенттік жүрегімнен жыр ақтарам.
Дүниенің бар жауһары, бар жылуы,
О,Аналар! Өн-бойыңда тұрақтаған.

Алысқа жырақ, шалғайға мен кетсем де,
Өзіңнің барыңды ойлап, жұбана алам.
Өмірден қаншалықты баз кешсем де,
Бір ауыз сөзіңнен-ақ қуат алам.

Кірбің түсіп, қабағыңды мұң шалса,
Қапаста қалып, беймаза бір күйге енем.
Күн күлімдеп, жанарыңа нұр шашса,
Бұл өмірде бақытты жан жоқ менен!

Анасыз қанатсыз боп қаламыз,
Бар жылуды анадан ғана аласыз.
Мейірімнің мәңгілік оты өшпесін,
Сәбилеріміз қалмасыншы анасыз.

Дүниеге еш жазықсыз ол келер,
Айналам деп елінің ертеңіне.
Ұрпақты емес, бүкіл ұлтты тәрбиелер,
Қаракөздер, қорған бол перзентіңе.

Апарсаң да Меккеге жаяу арқалап,
Айта алмассың, ана сүтін ақтадым,
Сен де тудың анадан замандасым,
Шалыс баспа, ұлы жолды сақтағын…

ulttyqsport.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.