Тоғызқұмалақ үздігінің алғашқы бапкері армян

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

51948451Қаймулдин Жанат Сембайұлы 1995 жылы Ақсу қаласының №1 орта білім беру мектебінің бірінші сыныбына барды. 1996 жылдан бастап Ақсу қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақпен айналыса бастады.  Алғашқы бапкері – Петросян Арам Саркисович.

2004-2005 жылдары тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Екі мәрте қаланың ең дәрежелі спортшыларының ондығына енді. 2006 жылы салмақты нәтижелері үшін спорт шебері атағына ие болды. 2007 жыл нәтижесі бойынша облыстың «Үздік спортшысы» атанды, Туризм және спорт департаментінің дипломдарымен марапатталды, сонымен қатар облыстық Білім беру департаментінің құрмет грамотасын алды. Осы жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ федерациясының Президентінің дипломымен марапатталды.

2008 жылдан 2011 жылға дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар қаласының Мемлекеттік Университетінде «Электроэнергетика» факультетінде оқыды. 2009 жылдың қыркүйек айында Чехияның Прага қаласында өткен Интеллектуалды ойынға қатысып,  I орынды иеленді.

2011-2014 жыл аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» факультетін «Үздік» белгімен бітірді. 2011 жылдан бүгінге шейін Павлодар қаласының №3 БЖСМ-де оқытушы-бапкер болып жұмыс істейді.

2011 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындап тәрбиелегені үшін облыстың «Үздік спортшысы» атанды.

2012 жылдың шілде айында Чехияның Пардубица қаласында өткен «CZECH OPEN» ойынында III орын алды. 2012 жыл нәтижесіне орай иағы да облыстың «Үздік спортшысы» атанды, сонымен қатар спорттың ұлттық түрінен  «Үздік бапкер» атағын иеленді.

2013 жылдың ақпан айында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында дербес сынақта Қазақстан чемпионы атанды. Осы жылдың қараша айында II Ашық Азия Чемпионатында Тоғызқұмалақтан «классикалық стильде» өткен жарыста екінші орын иеленді (II Open Asian Togyzkumalak Championship – classic).

2013 жылдың желтоқсан айында «Суперлига» кезеңдік ойынының нәтижесінде мәртебелі үшінші орынды алды. Сонымен қатар, осы айда И.Капаевты еске алуға арналған «Ең Үздік–20» атты республикалық турнирде топ жарды.

2014 жылдың сәуірінде ҚР-ның Чемпионатында «класикалық стиль» бойынша бас жүлдені жеңіп алып, екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

2014 жылдың шілде айында Чехияның Пардубица қаласында өткен 25- нші Халықаралық Интеллектуалды ойындар турнирінде (25th Czech Open International chess and games festival) I орын иеленді. Сонымен қатар, осы жылдың тамызында Қырғыз Республикасы Чолпон-ата қаласында өткен  Ө.Касмакуновтың 95 жылдығына арналған Халықаралық турнир де бәрін басып озды.

2014 жылдың қыркүйегінде өткен  «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында» тоғызқұмалақ бойынша бірінші орын иеленді.

Жанат Сембайұлы ұлтжанды, еңбекқор, шығармашылық ізденісте жүретін азамат. Тәрбиелеп жүрген шәкірттері де өте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

 

 

Жанат Қаймулдин қатысқан жарыстардың дербес көрсеткіштері

 

Іс-шараның аталуы Өткізілу орны Алынған орын Күні
Павлодар облысының 65- жылдығына арналған Жеке Чемпионат Павлодар қ/сы 2 6 ақпан 2003  ж
Б.Шапиевты еске алуға арналған Бірінші облыстық турнир Иртышск п/сі п/сі 3 13-16 наурыз 2003 ж
Павлодар облысының Чемпионаты: 16 жасқа дейінгі аралық тобы Павлодар қ/сы 1 24-30 қаңтар 2004 ж
16 жасқа дейінгі Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты Актобе қ/сы 1 24-31 наурыз 2004 ж
Ә.Марғұланның 100–жылдығына арналған Павлодар облысының жеке Чемпионаты Павлодар қ/сы 3 24-30 мамыр 2004 ж
Б.Шапиевты еске алуға арналған облыстық чемпионат Иртышск п/сі 1 26-31 шілде 2004 ж
Оқушылар мен колледж студенттері  арасындағы 2-нші Республикалық спартакиада Шымкент қ/сы 3 2004 ж
Чемпиондар мен спорт шеберлері арасындағы Жыларалық жарысы  Арысь қ/сы 4 12-15 қараша 2004 ж
Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Федерациясының Кубогы  Алматы қ/сы 3 21-26 сәуір2005 ж
16 жасқа дейінгі Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты Павлодар қ/сы 1 2005 ж
Оқушылар мен колледж студенттері  арасындағы Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған 5-нші облыстық спартакиадасы Павлодар қ/сы 1 4 наурыз 2006 ж

 

Степногорск қаласы әкімінің жүлделеріне өткен турнир Степногорск қ/сы 1 2006 ж
Қазақстан КУБОГЫ Павлодар қ/сы 1 2006 ж
Оқушылар мен колледж студенттері  арасындағы 3-нші Республикалық спартакиада Астана қ/сы 1 2006 ж
Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Федерациясының Кубогы Алматы қ/сы 1 21-26 ақпан 2007 ж
Павлодар қаласының 70 жылдығына арналған 6-ншы Облыстық спартакиада Павлодар қ/сы 2 5 наурыз 2007 ж
Қазақстан КУБОГЫ Алматы қ/сы 1 23-29 сәуір 2007 ж
Қырғыз Республикасының ашық чемпионаты Бишкек қ/сы Қырғыз Республикасы 1 3-11 мамыр 2007 ж
Қазақстан Республикасының ІІ  жазғы спартакиадасы Петропавловск қ/сы 1 16-22 шілде 2007 ж
Қазақстан КУБОГЫ Актобе қ/сы 1 23-29 сәуір 2008 ж
Қырғыз Республикасының чемпионаты Бишкек қ/сы Қырғыз Республикасы 3 3-10 мамыр 2008 ж
Қырғыз Республикасы: Аалы Бектургановты еске алуға арналған 12-нші Халықаралық Турнирі  Бишкек қ/сы, «Лучезарное побережье» пансионаты, Қырғыз Республикасы 1 11-19 тамыз 2008 ж
Халықаралық ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ Олимпиадасы Прага қ/сы Чехия 2 қыркүйек 2009 ж
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты Алматы қ/сы 2 4-11 қараша 2008 ж
Қазақстан КУБОГЫ Туркестан қ/сы 1 22-28 ақпан 2009 ж
Жастардың Қазақстан чемпионаты (блиц-ойыны) Орал қ/сы 3 4-11 қараша 2009 ж
Орал қ/сы      Орал қ/сы 2 4-11 қараша 2009 ж
ҚР Тоғызқұмалақ Одағының Халықаралық турнирі Кокшетау қ/сы 1 6-12 шілде 2009 ж
И.Капаевты еске алуға арналған «Ең Үздік –20» атты Республикалық турнир Павлодар қ/сы 3 10-15 желтоқсан 2010 ж
Қазақстан Республикасының ІІІ  жазғы спартакиадасы Астана қ/сы 2 2011 ж
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған 14-нші Халықаралық жарыс Астана қ/сы 2 2011 ж
Қазақстан Чемпионаты (блиц-ойыны) Павлодар қ/сы 1 10-21 ақпан 2011 ж
Қазақстан чемпионаты:  командалык есеп Актобе қ/сы 2 18-25 сәуір 2011 ж
Қазақстанның VI жазғы Универсиадасы Астана қ/сы 1 2011 ж
Қазақстан КУБОГЫ Актобе қ/сы 2 17-23 қыркүйек 2011 ж
Қазақстан Чемпионаты Алматы қ/сы 1 20-26 ақпан 2012 ж
Павлодар қаласының Облыстық Чемпионаты Павлодар қ/сы 2 9-13 наурыз 2012 ж
Czech Open (блиц-ойыны) Пардубица қ/сы Чехия 3 Шілде 2012 ж
И.Капаевты еске алуға арналған «Ең Үздік –20» атты Республикалық турнир Павлодар қ/сы 2 5-10 желтоқсан 2012 ж
Қазақстан Чемпионаты (жеке есеп) Павлодар қ/сы 1 4-13 ақпан 2013 ж
Қазақстан Чемпионаты  командалык есеп Алматы қ/сы 2 20-26 сәуір 2013 ж
Ө.Космакуновты еске алуға арналған тоғызқұмалақ бойынша  елдер үздіктері арасындағы Халықаралық турнирі Чолпон-ата (Киргизия) 1 17-23 маусым 2013 ж
II Ашық Азия Чемпионаты Тоғызқұмалақтан  (классика) Павлодар қ/сы 3 17-23 қараша 2013 ж
«Суперлига» Республикалық кезеңдік ойыны (нәтижесі) Павлодар қ/сы 3 21-27 желтоқсан 2013ж
И.Капаевты еске алуға арналған «Ең Үздік–20» атты Республикалық турнир Павлодар қ/сы 1 Желтоқсан 2013ж
Қазақстан Чемпионаты командалык есеп Актобе қ/сы 3 15-21 ақпан 2014 ж
Қазақстан Чемпионаты (жеке есеп) «классика» Павлодар қ/сы 1 17-28 сәуір 2014 ж
25- ншіХалықаралық Интеллектуалды ойындар олимпиадасы (25th Czech Open International chess and games festival) Пардубица қ/сы Чехия 1 10-27 шілде  2014ж
Ө.Касмакуновтың 95 жылдығына арналған тоғызқұмалақ бойынша  елдер үздіктері арасындағы Халықаралық турнирі Чолпон-ата қ/сы 1 28.07-04.08 2014ж
«Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» «Тоғызқұмалақ» бойынша Чолпон-ата қ/сы 1 Қыркүйек 2014ж

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.