Орыс жігіті алғашқы болып көкпар тастады

08 Маусым 2013, 22:53

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпардан өтіп жатқан ХІІІ-ші чемпионатта орыс жігіті алғашқы болып көкпар тастады.

434_dea86b223d92b321ef7e7d9dd5dc06d1

Көкпар алаңына алғаш болып шыққан Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командалары арасындағы ойын тартысты өтті. Көкпарға қатысушы 300 азаматтың ішіндегі жалғыз орыс жігіті Вадим Любарский ойынның 2-ші минутында алғашқы болып көкпар салды. Бір қызығы Вадим ойынның 11,16-шы минуттарында 3 рет қатарынан көкпар салып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Орыс жігітінің алғашқы болып қатарынан үш рет көкпар салуын Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық ойындарымыздың насихаты және оған деген қолдаудың болғаны деп білеміз деген жанкүйерлер ризашылық білдірді.

Қостанайлық көкпаршы Рыскелді Байтасов ойынның 9, 17, 19-шы минуттарында Вадим салған көкпардың қарымтасын қайтарды. Ойын соңында Солтүстік Қазақстан облысының командасынан Рамазан Махатов көкпар тастап, 3:4 есебімен СҚО командасы жеңіске жетті.

Суретте: Алғаш болып 3 рет қатарынан көкпар тастаған СҚО командасының мүшесі Вадим Любарский.

Өз тілшімізден.

Baq.kz

Көкшетауда көкпардан чемпионат өтуде (фоторепортаж)

09 Маусым 2013, 14:48

434_05344a858914b9755743b8dd28b0aa93 434_69586b7a5161fe52435c695de397def0IMG_3101IMG_3050

Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпардан Көкшетау қаласының Красный Яр кентінде өтіп жатқан ХІІІ-ші чемпионаттың барысынан фоторепортаж ұсынамыз.

Чемпионатты ұйымдастырушы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен Ақмола облысының әкімдігі. Демеушісі «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Суреттерде: Чемпионаттың ашылу сәтінен көріністер және Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары командаларының көкпар тартысы.

Өз тілшімізден

Baq.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ОЙЫН НӘТИЖЕЛЕРІ

10 Маусым 2013, 16:57

IMG_3023

АСТАНА. 10 маусым. Baq.kz – Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кенті, «Тұлпар» атшабарында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпар мен Аударыспақтан — ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден -VІІ чемпионатының 9 маусым күнгі ойын есебін ұсынамыз. Ақпаратты ұйымдастыру комитетінің хатшысы Шынар Шәкенова хабарлады.

9 маусым, чемпионаттың 2-ші күні «Көкпар» ойынынан:

Астана қаласы – Қостанай облысы – 14-1 есебімен Астана қаласы жеңді.

Алматы облысы – Солтүстік Қазақстан облысы – 10-01 есебімен Алматы облысы жеңді .

Жамбыл облысы – Павлодар облысы – 17-5 есебімен Жамбыл облысы жеңіске жетті.

Оңтүстік Қазақстан – Қарағанды облысы – 22-0 есебімен Оңтүстік Қазақстан облысы жеңді.

Шығыс Қазақстан облысы – Ақмола облысы – 0-1 Ақмола облысы жеңді.

Алматы қаласы – Қызылорда – 2-0 есебімен Алматы облысы жеңді.

 

9 маусым «Теңге ілу» ойынынан жеңімпаздар:

1-ші орын Оңтүстік Қазақстандық Арапбаев Нұрболат.

2-ші орын Ақтөбе облысынан Башинбаев Әлихан.

3-ші орын Батыс Қазақстан облысынан Ғазизов Жанәділ.

 

9 маусым «Аударыспақ» ойынынан 60 келі салмақта:

1-ші орын Жамбыл облысы.

2-ші орын Қарағанды облысы.

3-ші орын Шығыс Қазақстан облысы.

 

9 маусым «Аударыспақ» ойынынан 70 келі салмақта:

1-ші орынды Шығыс Қазақстан облысы.

2-ші орын Оңтүстік Қазақстан облысы.

3-ші орын Ақтөбе облысы облысы.

 

9 маусым «Аударыспақ» ойынынан 80 келі салмақта:

1-ші орын Шығыс Қазақстан облысы.

2-ші орын Оңтүстік Қазақстан облысы.

3-ші орын Ақтөбе облысы.

Baq.kz

КӨКШЕТАУДА КӨКПАРДЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ӨТУДЕ

10 Маусым 2013, 17:25

IMG_3185

АСТАНА. 10 маусым. Baq.kz – Бүгін үшінші күн қатарынан Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кентінде ересектер арасында көкпардан ХІІІ-ші Республикалық чемпионат өтуде. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Шынар Шәкенова Baq.kz тілшісіне көкпардың 10-маусымға арналған алғашқы қорытындыларын хабарлады.

Астана – Солтүстік Қазақстан – 13-4 есебімен Астана қаласы жеңді .

Қостанай – Алматы облысы – 8-1 есебімен Алматы облысы жеңді .

Павлодар облысы – Батыс Қазақстан облысы – 11-0 есебімен Батыс Қазақстан жеңді.

Ақтөбе облысы – Қарағанды облысы – 3-2 есебімен Ақтөбе жеңді .

Ал, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары әзірге ойын алаңында. Ойын нәтижесі туралы Baq.kz ақпараттық порталы қосымша хабарлайтын болады.

Baq.kz

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*