Мүшәйраға өлең қабылдау аяқталды

cd80ed07f74692c56b2b8186c2162e14Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жылдың үздіктерін марапаттайтын дәстүрлі «Алтын тұғыр» салтанатты шарасының қарсаңында жас ақындар арасында жариялаған «Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасына өлең қабылдау аяқталды. Байқаудың шарты бойынша өлеңдер қабылдаудың соңғы күні 10 желтоқсан болатын.

Байқауға қатысуға ниет білдіріп өлеңдерін жолдаған ақындардың саны 50-ден асып жығылды. Kazaitys.kz сайтындағы ақын әріптестеріміздің іріктеуінен өтіп, жарамды деп танылған 25 өлең kazaitys.kz және ulttyqsport.kz сайттарында жарияланды.

Әділ қазылдар алқасы: төрағасы – Қалқаман Сарин, мүшелері – Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазин, Айнұр Тұрсынбаева және Ұларбек Нұрғалым. Кеше, яғни, 10 желтоқсан күні қазылар жарияланған барлық өлеңдерді сараптап, пікір алмасты. Қазылар алқасы жеңімпаздың аты «Алтын тұғыр» салтанатты рәсіміне дейін құпия болатынын айтты. Оған дейін әділ қазылар өлеңдерді қайталап оқып, зерделеп, сосын ақындардың өресін, өлең құрылысының мінсіздігін, тақырыпты аша білу шеберлігіне әркім әділ бағасын бермек.

Жас ақындарымызға сәттілік тілейміз! Кімнің бағы жанып, «Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанғаны білетін күн жақын қалды.

 «Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.