Ұлттық спорт құндылықтары жаңғыртылуда

 

 

87be1fe9f5dd1d3a598047c7c8dd7361_LБүгін еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жыл қорытындысын шығарып, атқарылған істерді бағамдау барысында атбегілік өнер мен саят құстары жайлы жарық көрген кітаптың тұсауын кесті. Ана тілімізде 2 мың дана таралыммен шыққан басылымды баға жетпесбайлық деуге болады. Жиында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, үміт оты қайта жанданып келе жатқаны сөз болды. Бүгінде көкпар, аударыспақ, құсбегілік, жамбы ату сынды ойындарға ерекше көңіл бөлініп, Қазақстанның имиджін көтеру мақсатында барынша жағдай жасалуда. Жиынға қатысқандар санаға сіңген қазақы ойындар жастарды отансүйгіштікке баулитын құралға айналуы керектігін айтты. Бұл ретте Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы сынды айтулы шараларды атқарар тұста қауымдастық алдына бірқатар міндеттер жүктелді. «Ендігі меже – барды бағалаумен қатар, ұлттық спортты дамытуды мектеп қабырғасынан бастап қолға алу», — дейді жиналғандар.

 

Дереккөзі — 24.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.