Астанада Тоғызқұмалақ қауымдастығы семинар өткізді

Семинарда тоғызқұмалақ ойынының келешегі сөз болды. Біраз уақыт назардан тыс қалып қойған ұлттық ойынымыз елімізде соңғы жылдары қайта жандана бастады. Себебі, бұл ойынды тек біздің елімізде емес, көптеген шетелдерде ойнайтын болды.
Тоғызқұмалақ — әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия сынды елдерде, Ресейде, әсіресе Алтай мен Қарашай-Черкес республикаларында ойналып келеді. Ал Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашыр азаматтар бар. Бүгінде АҚШ-тың Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ұлттық ойындардың біріне айналды деп жазады kazinform.kz сайты.
Бүгінгі семинарда биылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды. Осы жылы бірқатар ірі турнирлер, халықаралық жарыстар ұйымдастыру көзделуде. Оған жеткілікті қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары қолға алыныпты.
Семинарға қатысқан ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспанов Қазақстан Тоғызқұмалақ қауымдастығымен бірлесе жұмыстар атқару жөнінде келісімге келгендерін айтты.
«Ұлттық ойынның бұл түріне жастардың қызығушылығы ерекше екенін 2014 жылы желтоқсан айында Тұңғыш президент күніне орай турнир өткізгенде анық байқадық. Өте талантты, болашағынан зор үміт күттіретін жастар бар екен. Тоғызқұмалақты дамыту және насихаттау барысында ҰСТҚ өз тарапынан бірқатар шараларды атқарды. Қазір бұл ойынның телефонға арналған, өте сауатты жасалған нұсқасы дайын болып қалды. Жақын күндері тоғызқұмалақ жанкүйерлерінің назарына ұсынатын боламыз» — деді ол.

Отображается файл "IMG-20150116-WA0003.jpg"

Отображается файл "IMG-20150116-WA0002.jpg"

Отображается файл "IMG-20150116-WA0001.jpg"

Отображается файл "IMG-20150116-WA0000.jpg"

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*