Семинар мақсаты – ережелерді жетілдіру

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өңірлердегі өкілдерін жинап үш күндік арнайы семинар өткізуде. Семинардың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің ережелерін қайта талқылап, халықаралық талаптарға сай кемшіліктерді жойып, толықтырып қайта қабылдау. Әсіресе, енді ғана қолға алынып жатқан жамбы ату секілді ойын түрінің ережесін нақтылау, осы спорт түрі жақсы дамыған шет елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып ойын ережелерін қалыптастыру күн тәртібіне шықты.

Seminar

Биыл ұлттық спорт түрлерінен бірнеше халықаралық жарыстар, чемпионат пен ондаған республикалық турнилер өткізу көзделуде. Көктемде Түркияда Көкпардан екінші ашық Азия чемпионаты өтеді. Қазірдің өзінде оған қызу дайындық басталып кетті. Көкпаршылардың формалары, қорғаныш құралдары мен ат әбзелдерінен тартып, барлық ойын ережелері жетілдіріліп, жоғары стандарттарға сай етілмек.

Семинарға еліміздің барлық өңіріндегі ұлттық спорт клубтарының, мектептердің басшылары, жаттықтырушылар мен судьялар қатысуда.

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.