Алматыда Тоғызқұмалақтан ІІІ әлем чемпионаты өтуде

Тоғызқұмалақ қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесі болуымен қатар, жастарды тәрбиелеуде, олардың зердесін, ойлау жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы. Ұлттық ойын қазіргі кезде халықаралық деңгейде кеңінен насихатталып, дүниежүзілік зияткерлік фестивальдар мен олимпиадалардың бағдарламаларына енгізілген. 2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылып, 2009 жылдан бастап Азия және Әлем чемпионаттары өткізілуде.

IMG-20150413-WA0005

2015 жылдың 12-18 сәуір аралығында Алматы қаласында Тоғызқұмалақтан ІІІ әлем чемпионаты қтуде. Бұл іс-шара Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде. Оған 4 құрлықтың 25 елінен келген спортшылар қатысып жатыр.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*