Алматы облысында «Сонар — 2015» құсбегілер жарысы болып өтті

Алматы облысында «Сонар - 2015» құсбегілер жарысы болып өтті

Ақпан айының 13-14 жұлдыздарында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылы маңында «Саят» ұлттық спорт түрлерінен құсбегілердің «Сонар — 2015 Республикалық жарысы болып өтті. Облыс көлемінде 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан құсбегілердің осынау республикалық жарысына Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан барлығы 44 бүркітші мен 5 қаршығасы бар құсбегілер қатысты.

Құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, құстың аңға түсу шеберлігі, құсбегімен ара-қатынасы, шырға тарту сынды бірінші кезеңнен іріктелген  17 бүркіт екінші кезеңде қоянға, түлкіге салу финалдық айналымына өтті.

Бүркітшілер арасында бас жүлдені Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылының тұрғыны Өтеген Айбек қанжығасына байлап, 100 000 теңге ақшалай силыққа ие болды. ІІ орын Оңтүстік Қазақстандық Тәжібай Бауыржанға, ІІІ орын Алматы облысынан Сейітжан Аянға бұйырды.

Қаршыға ұшыруда Жалғасұлы Серікболсын І орынға, Бабажанов Бағдаулет ІІ орынға ие болып Бабажанов Берікболсын ІІІ орынға табан тіреді.

Қаршыға ұшыруда жеңімпаз атанған жас жеткіншектердің барлығы дерлік Жамбыл облысының тумалары.

Жарыс жеңімпаздарына Алматы облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының, Республикалық «Қыран» Федерациясының тағайындаған сыйлықтары мен дипломдары табысталды.

Шара барасында қолына қыран құс қондырып, ата салтымыз, қанымыздағы асыл өнер — құсбегілікті жалғастырушы жастардың қатары көбейгені, көңілге қуаныш ұялатты.

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.