Жеңімпаздар анықталды

434_e44a971642765a47870dadf23ad3f417

АСТАНА. 11 маусым. Baq.kz – Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кентінде ересектер арасындағы Көкпардан ХІІІ, Қыз қуудан ҮІІ Республикалық чемпионатының 10 маусым күнгі қорытындыларын жарияланды. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Шынар Шәкен Baq.kz тілшісіне хабарлайды.

Көкпар алаңына шыққан Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының ойынында 9:4 есебімен Шығыс Қазақстан облысы жеңіске жетті. Ақмола облысы мен Алматы қаласы командаларының ойнында 5-1 есебімен Ақмола облысы айқын жеңіске жетті. Ал, 12, 13 маусым күндері көкпардан ширек финал өтеді.

Қыз қуу ойынында 1-ші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Оразаев Талант пен Алтышева Еркеназ еншіледі. 2-ші орынды Қарағандылықтар Шабденов Бағлан мен Хмара Ольга алды. 3-ші орын Павлодар облысынан келген Бағлан Мадияр мен Оразалиева Айымға бұйырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 14 маусымға белгіленген.

Baq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.