Адольф Диринг: Көкпар атын жемдеу

Көкпар аты – қара жұмыс істейтін ат. Көкпар аттары екіге бөлінеді. Жазда, құмда шабылатын және қыста шабылатын.Кейінгі кезде, көбінесе, соңғы мезгілі дұрыс деп табылып жүр. Себебі – тойдың көбі – күзде, қыста, ел адамдарының қоыл аз-кем босап, жер кеңігенде өтеді. Жазда ат байланады. Оның мерзімі, ең кемі екі ай, кейде 40 күн. Тіпті, үй ай бойы байланатындары да бар, ол аттың қоңдылығына байланысты.

Байланған атқа жем-су, әрине, тасып беріледі. Күндіз салқын саяда, түнде ашық далада байланады. Жаздыкүні, күндіз жұқа жабу жапқаны жөн. Екі мезгіл – таңертең, кешке суарып, ауыстырып-аунатып алады. Аттың жаңбырлығы «сан сызығы) жабылып, жалы құлаққа жет қабыл болғанша, жілік майы толғанша бағады. Жілігі толған атты, яғни үш-төрт елі қазысы бар атты таң асыру басталады. Бұл кезде – құрғақ шөп, арпа беріле бастайды. Кейбір аттарды күштілігіне қарай қаңтару – таңғы, кешкі – екі мезгілге көшіріледі.

Кешке, жемнен кейін, атқа ешқандай шөп бермей зере қазыққа құр тақырға таң атқанша байлап қояды. Аттың дене тұрқына орай зере қазықтың жерден  биіктігі 1,5-2 метр шамасында болады, мойын кертпеш жасалады, бұл аттың айналып тұруына мүмкіндік береді. Мұның басқа да түрлері болуы мүмкін.

Сонымен қазақтың көне тәртібінде атты 50-60 күн байлайды. Қаңтарылады. Қысқа жақындағанда 60-70 күн қатарынан мініледі. Содан соң көкпарға сыланады.

Осы жолдан өтпеген ат бапқа келмейді. Байланған кезде атты жем-шөптен, судан тартпайды. Мысалы күніне 2-3 кг жем берсе, ертеңінде 4-5 килограмға көбейтіп, жемді бір килограмға дейін молайта береді. Ат әбден семіру кезінде – күндік норма 2 пұтқа жеткенде келеді. Осы  кезден бастап күн сайын, ат жемді қалдыра бастағанда… бір-екі килограмдап төмендете, кеміте бересің. Менде атты жемдеудің екі әдісі бар.

Бірінші әдіс: арпаны шала қайнатып, сонан соң қуырып беру. Бұл өте сенімді болады. Қазақ бұрын сұлы берген. Ол арпадан да жеңіл. Ал суытқан кезде бидай беру — өте ауыр соғады.

Екінші әдіс: аттың тамағы жақсы қорытылуы үшін – бойына тез сіңуі үшін бір шелек көк шайды суытып береді. Аттың көп кеткен терін қалпына келтіруге де, тәбетін ашуға да пайдалы.

Ат суыту өте қиын. Мықты көкпар қыста басталады. Қыста шапқан ат тез арақтайды. Мамыр айынан қазан айына дейін байланған атты байлаудан шығаррада бірінші рет үш күн бойы жем бермейді. Бұл – ішіндегі ласын тастау үшін қажет. Қырық күн келте байланып, қаңтарылады. Содан соң аздап ұзартуға болады. Бұл кезде аз аунатып, мейілінге сақ болғаны жөн. Аунату, секіртуден қазы жыртылып кетуі мүмкін. Бір апта ер салынып, арқасын үйретеді. Күніне 100 метрден бастап, ұзата-ұзата 30 километрге дейін жеткізу 60-70 күнге созылады. Бұл кезде күндік жем нормасы 3-4 килограмдық режимге өтеді.  Арықтағанда 7 килограмға дейін жем беруге болады.

Ат отыз күндей мінген соң, жинақыланып, құстай қомданып қалады. Қадамын жай бастап, желе жортып, одан бусантып, терлетіп алып, қаңтарған дұрыс. Бір тойда үш рет шапса, сонан соң 4 сағаттай жем-су берген жөн. Осыны жасамаған адам атын аяқтан қалдырады. Ыстықты-суықты етпей суыту керек.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.