Жігіттер аударыспақта күш сынасты (ФОТО)

434_50b8bc0a19dbe89c4ed6847af03b6d54 DSC05394 DSC05396 DSC05405 DSC05421 DSC05423

АСТАНА. 11 маусым. Baq.kz – Бүгін Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кентінде ересектер арасындағы Аударыспақтан Республикалық ХІІІ чемпионаты өтті деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Шынар Шәкен.

Ойын барысында білек күшін сынасып, жеңіске жеткен жігіттердің тізімін ұсынамыз:

90 келі салмақта:

1-ші орынды Оңтүстік Қазақстандық Ізбасаров Сырым иеленді.

2-ші орынды Шығыс Қазақстандық Танекенов Мансұр еншіледі.

3-ші орын Жамбыл облысынан келген Махамбетов Қайсарға бұйырды.

90 келіден жоғары салмақта:

1-ші орын тұғырынан Ақмола облысынан келген Нұрпейісов Марат көрінді.

2-ші орынды қарағандылық Ескендіров Марғұлан иеленді.

3-ші орын Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Қасалиев Біржанға бұйырды.

Baq.kz

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*