Атбегі Нұрдәулет Әлібекұлының атбаптау тәжірибесі

… Жүйрік ат көп жатпайды, жатқанды жақтырмайды. Жүйрік ат жыл бойы, қыста да, жазда да үнемі бір қалыпта болуы шарт. Қыстан үнемі жілік майы толық, аздап қазысы болып шықса жақсы. Қысқасы, аязда жылы қорада, жазда шілдеде салқын көлеңкеде ұстау керек. Саз және балшықты жерде тұрса, тамырына суық өтіп, аяғы ақсауы мүмкін. Сөйтіп, аттың обалына қалады. Бұл да атқұмар азамат ескертетін жәйт. Ең алғашқыда атты бәйгеге қосу үшін кемінде екі ай дайындайды. Атты шабандоз баланың өзі суытқаны жөн. Суыту кезінде екеуі (бала мен ат) бір-бірімен жақсы түсініседі, кейін бәйгеде ол да өз нәтижесін береді. Суытылған жердің ойлы-қырлы болғаны дұрыс, сонда аттың бұлшық еттері жақсы жетіледі. Ертеңінде аттың көзіне зер салған жөн. Тері жақсы алынған, бабын тауып суытқанда ғана жүйрік ат сергек көрінеді. Өте жақсы суытылған ат жатқанда төрт  аяғын бір жерге буып тастағандай болады.

Атты көп жетелеп, аз байлап, бос тұрғаны дұрыс. Әр суытқан сайын, шақырымды қосып отыру қажет, бірақ та шаршатпау шарт. Төрт-бес рет суытқанда аттың тері тұқсыз, таза су сияқты болады. Сонда жүйрік ат бабына келе бастайды. Жақсы суытылған ат бестен тоғызға дейін қатты құмалақтайды және ол құрғақ болады. Жақсы жетілген аттың бұлшық еті, буын-сіңірлері шығады және тыныс мүшелері, өкпесі жетіледі. Мүмкін болса, танауындағы шеміршекті алып тастаған дұрыс, сонда ол шапқан кезде демін емін-еркін алады.

Бәйге атын шаршатпай, арықтатпай, аса жүдетпей жарату ләзім. Оны арытып алмау үшін, шөпті, жемді, суды күніне үш-төрт рет беру міндет. Бір бергенде 3-4 кг қырдың немесе таудың шөбі, 2 кг таза жуылған сұлы немесе бидай 0,5 кг тарыны булап беру керек. Қаны таза болу үшін сәбіз, күші мықты болу үшін тауық жұмыртқасын береді. Бәйгеге қосуға бір апта қалғанда аттың жейтін шөбі мен жемін азайтады, ал суды өзі де артық іше қоймайды. Есте болатын жағдай, ат бәйге өтетін жерге барғанда күндегі өзі ішіп жүрген суын ішу қажет. Өйткені өзен, бұлақ суын ішкен ат, құдық суын ішсе немес керісінше болса, онда ол аттың іші өтеді, шабу кезінде әлсірейді.

Ұзақты бәйге кезінде жүйрік ат жел жағында шапқаны дұрыс. Шабандоз ат үстінде еңкейіп отырғаны жөн, аттың көзін сүртіп отыру керек болмаса екі аяғы аттың өкпесін жөнсіз соғып мезгілсіз шаршатады.

Кейінгі кезде жайдақ шабу кең өрыс алып келеді. Меніңше, ол атқа да, балаға да зиян. Кейбір атбегілер «бабочка» деген өзі жеңіл ермн шаптырып жүр. Ол өте дұрыс, біріншіден, шабандоз бала аяғын тіреп отырады, екіншіден, аттың өзіне де жеңіл.

Бірсыпыра шабандоз балалар соңғы айналымда аттың басын ертерек жібереді, ол өте қате! Ат шаршап келе жатқанда бар екпінімен шауып, құлап өліп қалып жүр. Сондықтан алға шыққанда аттың басын тежеп отырғаны дұрыс, сонда ат күшін жоймайды. Шабандоз қамшыны дұрыс жұмсағаны жөн. Кейбір ат қамшыны сүймейді, айқайды сүйеді.

Сөз соңында айтылар нәрсе – жоғарыдағы келтірілген ат баптау түрлері,  шарттары жүйріктердің бәріне бірдей келе бермейді,  атты бәйгеге жаратудың өз ерекшелігі, сырлары мен қырлары бар. Сондай жағдайларды ескерген жөн. Бұл бапкердің үнемі есінде болғаны абзал…

(Жас алаш газеті» №34. 20 наурыз, 2001 ж.)

Жоғарыда аталған «Ер қанаты» атты жинақта белгілі қаламгер Мылтықбай Ерімбетов оңтүстік өңірінде ат баптаумен айналысып келе жатқан ұлты неміс Аликтің әдістерін қызықты баяндайды. Алик боп атанып кеткен Адольф Диринг сонау 1941 жылдан бері қазақ арасында тұрып, атқа құмар болып өскен, қазақ халқының ғажап қасиеттерін бойына сіңірген азамат екен. Оның баптаған аттары Оңтүстік қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан шабандоздары қатысқан көптеген жарыстарда бас бәйгені ешкімге бермей келген. Оның басты сыры – Аликтің атты өз қолымен тамаша баптай білетіндігінде. Бұл жөнінде ол мынандай сырларын ортаға салады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*