Астана күніне арналып көкпар тартылды

17 Маусым 2013, 12:34

434_bc7649c84c32bd7f389d3f5700a3f043

Астана. 17 маусым. Baq.kz – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласының «Балқарағай» демалыс орталығында «Астана күні» мерекесіне орай «Жаппай көкпар» ойыны болып өтті.

Ұлттық ойынымыз көкпарды жандандыру, оны халықаралық деңгейге көтеру үшін елімізде жан-жақты дамытуды мақсат еткен бұл ойынның жүлде қоры 1 500 000 теңге көлемінде болды. Жаппай көкпардың командалық көкпардан ерекшелігі жүлде салым салған көкпаршыға беріледі. Мақтарал, Әулие-ата, Жетісайдан келген көкпаршылар алғашқы болып салып тастады. Әрқайсысына 50 мың теңгеден берілген дәл осындай 30 айналым өтіп, ең соңында 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі өгіз салымды жамбылдық Қуанышбек Құрамаев салды.

«Қазақтың жеті қазынасының қатарына кірген киелі жылқы жануары ешқашан қадірін жоғалтпайды. Біз бүгін көкпар ойынына жүлде тігу арқылы ат үстінде жүрген азаматтарымыздың несібесін таба алатынын көрсеткіміз келді. Демеуші болған азаматтарымыз нағыз ұлтжанды азаматтар. Бұл игі іс өз жалғасын табатын болады. Бізді алда Азия чемпионаты күтіп тұр. Егер Азия чемпионатын лайықты деңгейде өткізе алсақ, көкпарды Азия олимпиадалық ойындарына қосуға мүмкіндік аламыз» деді көкпардан мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай.

Көкпарды тамашалауға келген литвалық Ренатос Бружис: «Қазақтарда осындай ойын түрі бар екенін білмеппін. Тамашалап отырған мына ойынды нағыз ерлердің ойыны деп білемін. Қара күшті, ержүректі болуды, ептілікті талап ететін көкпар ойыны өте ұнады. Елге барған соң қазақтарда осындай ойын бар екенін айтып, өзімде көкпар тартуды үйреніп көрсем деймін» деп ойынға таңқалысын жасырмады.

Астана. 17 маусым. Baq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*