Жаппай көкпар тартудан жарыс өтті

Бас жүлдені ең көп салым салған Жамбыл облысының өкілі Қуанышбек Құрамаев алды

Астана күніне орай қазақтың төл өнері — жаппай көкпардан жарыс өтті. Еліміздің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға 5 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл бәсекенің басты мақсаты — ұлттық ойынымызды жандандыру, оны халықаралық деңгейге көтеру және халқымыздың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Сонымен қатар осы жылы қыркүйекте өтетін көкпардан ашық «Азия чемпионатына» командалардың дайындығын байқау және көкпаршыларымыздың шеберлігін шыңдау. Жаппай көкпардың командалық бәсекеден ерекшелігі — жүлде салым салған көкпаршыға беріледі.

Бас жүлдені ең көп салым салған Жамбыл облысының өкілі Қуаныш Құрамаев жеңіп алды.

Бекболат Тілеухан, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті:

Бұл қазақтың баяғы ат үстіндегі соғысының жаттығуы. Сол нәрселерді жаңғырту арқылы біздің ұлттық жадымыз жаңғырады. Біздің бабаларымыздың батыр, қайсар мінезі қанымызда төгіліп жатыр, соларды ояту мақсатында жасалып жатқан дүние.

«Қазақстан» телеарнасы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*