«Интер спорт-2013»

SONY DSC SONY DSC SONY DSC SONY DSC SONY DSC SONY DSC        

       12-15 маусым аралығында Алматы қаласындағы  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ҚР  спорт және дене шынықтыру агенттігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен  спорт киім-кешектерінің, тренажер жабдықтарының  және спорт инженерингінің «Интер спорт — 2013» халықаралық көрмесі  болып өтті.

      «СКИ энд Фит», «Maccaferri», «Joma Sport», «Citi Sport», «Life Fitness», «Tengo» секілді АҚШ, Италия, Ресей тағы басқа да шетелдік танымал компаниялармен қатар «Спорт тамағының орталығы», «Қазанғапов», «КазСпо-N», «Карат» секілді қазақстандық компаниялар мен өнім өндірушілер қатысқан айтулы бұл көрмеге тұңғыш рет ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атынан «Қыран» Федерациясы қатысты.

      Төрт күн бойы көрмеге келушілерді ерекше ұлттық нақышта безендірілген павильондағы ұлттық спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтардың түр-түрі, яғни тоғызқұмалақ, ат спорты, саятшылыққа қажетті дүниелердің ұлттық нақышта, сәнді, талғамға сай жасалуы ерекше назар аудартты. Әсіресе, қазақтың ақсүйек өнері — құсбегілікке қажетті құрал-саймандармен қатар, ерекше талғаммен, сәнді тігілген киім киіп, қолына қыран қондырған бүркітшімен қызықты әңгіме-дүкен құрып, онымен суретке түсуге ықылас танытқан өз отандастарымызбен қатар, шетелдік қонақтар қарасы төрт күнде де үзілген жоқ. Келген қонақтар арасында тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық танытқандар көп болды. Сонымен қатар атқа қажетті құрал-жабдықтарды тамашалаған жұрт естелікке ұлттық нақыштағы шағын кәдесыйларды  сатып алуға да  қызығушылық білдірді.

     Әлемнің танымал, атағы алысқа тараған небір алпауыт  компаниялары спорттық дүниелерін жарнамалап жатқанымен ерекше көз тартатын ұлттық құндылықтарымызға көпшіліктің ынта-ықыласы артып отырғанын осы көрме барысында байқадық. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының шағын шеберханасынан шыққан ұлттық нақыштағы дүниелер отандық, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Көрмеге мұндай құндылықтарды «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүпткеқызы ұсынған еді. Халықаралық көрмені ұйымдастырушылар бұл ұлттық нақыштағы дүниелерге жоғары баға беріп, «Қыран» Федерациясын арнайы дипломмен марапаттады. Сондай-ақ, алдағы болатын барлық халықаралық көрмелерге қатысуға шақырды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*