Қауымдастықтың халықаралық және республикалық чемпионаттарының жұмыс барысы пысықталды

IMG_4288      Маусымның 28 күні ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының кеңесі өтті. Кеңеске ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Вице-президенті Бекболат Тілеухан, ҚР ҰСТҚ атқарушы директоры Ерлен Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібаев, ҚР «Көкпар» ойынының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев, ҚР ҰСТҚ үйлестірушісі Альберт Мурсалимов және әр облыстың Ұлттық спорт мектептерінің директорлары, «Көкпар» клубтарының төрағалары қатысты.

     Жиын барысында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алдағы уақытта өтетін ауқымды іс-шаралары, атап айтатын болсақ қыркүйек айының 10-15 күндері өтетін «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионаты», қазан айының 3-6 күндері өтетін «Бүркітшілер» фестивальі және қараша айында өтетін «Аударыспақтан» республикалық чемпионатының жұмыс барысы талқыланды.

     Кеңесте «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионатының» ережесін, өтетін күнін, жерін талқылап бекіту және чемпионатқа шетелдерден келетін командалардың санын анықтау, күтіп алу, орналастыру, шетелдерден атсыз келетін командаларға ат-әбзел  дайындау, атпен келетін командалардың аттарына қора-жай, жем-шөп, күзет дайындау, чемпионатты өткізуге жауапты Бас төрешіні тағайындау, төрешілер құрамын анықтау, Қазақстан құрама командасының құрамын, бас жаттықтырушыны бекіту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Қауымдастықтың жанынан жаңадан  құрылған «Көкпар» федерециясының филиалдарын ашу ұсынылды.

      Сонымен қатар жиын барысында қазан айында өтетін «Бүркітшілер» фестивальі мен қараша айында өтетін «Аударыспақтан» республикалық чемпионаттарының ережелері талқыланды.

       ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қыркүйек айында өткізгелі отырған «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионатына» Ауғаныстан, Қытай, Монғолия, Ресей, Түрік, Түркімен, Тәжік, Өзбек, Қырғыз елдерінің  командалары қатысады деп жоспарлануда. Чемпионатқа шетелдерден келетін командалардың санын, атпен немесе атсыз келетіндігін анықтау, күтіп алу, орналастыру мәселесі бойынша Құрамаев Қуанышбек келетін командаларды атпен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Атап айтсақ, Тәжік құрама командасын атпен қамтамасыз ету Жамбыл облысына, Түрік құрама командасын атпен қамтамасыз ету Шығыс Қазақстан облысына, Қытай құрама командасын атпен қамтамасыз ету Ақмола облысына, Ресей құрама командасын атпен қамтамасыз ету Батыс Қазақстан облысына, Ауғаныстан құрама командасын атпен қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облысына, Өзбекстан құрама командасын атпен қамтамасыз ету Алматы облысына, Моңғолия құрама командасын атпен қамтамасыз ету Павлодар облысына жүктелді.

     Чемпионаттың ҚР Көкпар ойынының бас жаттықтырушысы болып Қуанышбек Құрамаев, Бас төрешісі болып Рамазан Сәттібай тағайындалды.

      ҚР Көкпар ойынының бас жаттықтырушысы Құрамаев Қуанышбек жиналыс қатысушыларына құрама командаға кіретін спортшылар тізімін ұсынды. Құрама командаға Тараз облысының 5 спортшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының 5 ойыншысы, Астана қаласынан 6 спортшы, Батыс Қазақстан облысы және Павлодар облысынан 1 ойыншыдан кіретінін атап өтті. Олар:

1. Әбжапаров Әбу (Тараз облысы).

2. Шырынбаев Бағлан (Тараз облысы).

3. Дүйсенбиев Манарбек (Тараз облысы).

4. Момынов Датқа (Тараз облысы).

5. Айтбаев Темірхан (ОҚО).

6. Шырынқұлов Бақтыбай (ОҚО).

7. Мырзабаев Нұржігіт (ОҚО).

8. Омарбек Еркебай (ОҚО).

9. Қабжанов Арслан (Астана қаласы).

10. Көбей Ермек (Астана қаласы).

11. Байтөреев Ұлан (Астана қаласы).

12. Омбаев Даулет (Астана қаласы).

13. Егимбаев Еркебұлан (Павлодар облысы).

14. Амангельдинов Қазбек (Астана қаласы).

15. Пупенко Александр (Астана қаласы).

16. Манкеев Ақылбай (ОҚО).

17. Тастанбеков Шәріпбек (БҚО).

18. Ақылов Ғалымжан (Тараз облысы).

      Жиынның қорытындысы бойынша «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионатының» Ережесі бекітілетін болды. Чемпионатты өткізуге жауапты Бас төреші болып Рамазан Сәттібай тағайындалды. Сондай-ақ Қазақстан құрама командасының құрамы бекітілетін және жаңадан құрылған «Көкпар» федерециясының филиалдарына басшылыққа үміткерлер тізімі ұсынылатын болды.

 ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*