Ұлттық спортқа үлесін қосып жүрген журналистер марапатталды

IMG_0515IMG_0521

IMG_4307

      
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне» орай 28 маусым күні бірқатар ақпарат құралдарының  өкілдерін құттықтап, марапаттады. Ұлттық спортқа жанашырлық танытып қана қоймай, осы саланың дамуына өз үлестерін қосып жүрген журналистер қауымын ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан қабылдады.

      «Ұмыт болып, санамыздан жоғалып бара жатқан ұлттық спортты қайта жандандырып келеді. Ал соны халыққа жеткізіп, насихаттау дегеніміз сіздердің ұлтқа көрсеткен қызметтеріңіз. Осы орайда шын жүректен сіздерге рахмет айту міндетіміз деп білемін. Биыл Қауымдастықтың жетекшелігі ауысқалы бері ұлттық спорттың насихаты артып отыр. Ұлттық спортқа жаны ашитын азаматтарымыз да көбейіп келеді. Ал сіздер ұлттық спорттың дамуына қаламдарыңызбен, ниеттеріңізбен көмектесіп, дамытып келе жатырсыздар. Сіздер, «бір бейнебаяныма, бір мақалама қарап қалған ештеңе жоқ», деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ олай емес. Теңіз тамшыдан құралатыны секілді, сіздер де өз үлестеріңізді тамтұмдап болса қосып отырсыздар. Осының арқасында халықтың еңсесі көтеріліп қалды. Осылай ұлтқа қызмет етіп, кәсіби шыңдала беріңіздер!» деп қалам ұстаған қауымды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан құттықтап,  оларды алғыс хатпен марапаттады.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*