Биылғы жылдың «Барысы» анықталды

       1R8A02811R8A0317

     Жарты әлемнің назарын аударған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы-2013» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 30 маусым күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде еліміздің әр өңірінен келген балуандардар білек сынасты. Аймақтардан іріктелген ең мықты балуандардың додасын көруге келген көрермен қауымның қарасында шек болмады.

       Сонымен қатар ұлттық спортымыз — қазақ күресінен өткен жарыста ұлттық нақыштағы әуен-саздарымыз да көрініс тапты. Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан арнайы сөз сөйлеп, халық әнінен жыр шашты.

1R8A02791R8A0277

      Биылғы жылдың «Қазақстан барысы -2013» атағын шығысқазақстандық балуан Айбек Нұғымаров жеңіп алды. Ал екінші орын Қарағандылық Ержан Шынкеевке бұйырса, қола жүлдені оңтүстік қазақстандық Жұманазар Ерсұлтанов иеленді.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*