Құсбегілер сайысында тараздық Бабажан Бағдәулет топ жарды

Үстіміздегі (2015) жылдың 14-15 қарашасында  Астана қаласында танымал құсбегі Күнтуған Тоқтыбайұлы атында ұйымдастырылған бүркітшілердің республикалық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігіне еліміздің 9 облыс және Астана қаласынан 18 бүркітші келіп қатысты. Сайыс: 1.бүркітті қолға шақыру, 2.шырға салу, 3. аң қақтыру, 4. киім үлгісі, 5. құстың бабы, 6.еркін ұшыру,  сияқты түрлер бойынша өтті. Соңғы қортынды бойынша: 1-орынды Тараз құсбегілері, 2-орынды Астана бүркітшілері, 3- орынды Павлодардың саятшылары бөлісті. Үздік шыққандар диплом және медальмен марапатталып, онымен қатар ҚР ҰСТҚ тарапынан ақшалай сыйлық берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1-орын: құсбегі Бабажан Бағдәулет (қыраны — Қапсалған), Жамбыл облысы.

2-орын: құсбегі Зарлық  Нұрмушев (қыраны — Тұйғын), Астана қаласы.

3-орын: құсбегі Бекболат Искаков (қыраны — Ақзар), Павлодар об.

4-орын: құсбегі Мәди Аққазиев (қыраны — Каспий), Атырау об.

5-орын: Жұқай Молдабаев (қыраны — Ақбалақ), Алматы об.

12241796_401234043408908_7155206419722701218_n 12247037_401234013408911_7011084812285976418_n 12247120_401233966742249_8483527367066175493_n

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.