Алмас Байдәулет. Қытай үкіметті қазақтың ұлттық спорт ойындарына қолдау білдіруде

_75A3873

Алмас Байдәулет — Іле қазақ автономиялы облысы Өртекес ауданы әкімінің орынбары, «ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялы облысы ұлттық түрлері қауымдастығы» төрағасының орынбасары

— Ассалаумағалайкум аға, Қазақстанға қош келдіңіз. Бұл жолғы сапарыңыз жайлы айта кетсеңіз?
— Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылы тұңғыш рет Азия аударыспақ чемпионаты осы атажұрта өткен кезде біз Қытайдағы қазақтар осы чемпионаттың екінші кезегін Қытайда өткізетін болып жарыс жалауын алып қайтқан болатынбыз. Бұл жолы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «2016 жылға арналған бұқаралық-спорттық, негізгі республикалық және халықаралық жарыстарының күнтізбелік жоспарына» сәйкес Қытай Халық Республикасында 2016 жылы Аударыспақ ойынынан өтетін ІІ-ші ашық Азия чемпионатын өткізу үшін алдағы іс-шараларды ақылдасу үшін келіп отырмыз.

— Сонымен аударыспақ ойынынан өтетін ІІ-ші ашық Азия чемпионатты қандай ережерлерге сәйкес өтетін болды?
— Құдай қаласа жарыс мамыр айының 30 мен маусым айының 1 аралығында өтеді деп жоспарлап отырмыз. Жарысқа МХР, РФ, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Венгрия еледерінен спортшылар шақырылады. Чемпионат ҚР ҰСТҚ 2015 жылы бекіткен ережесіне сәйкес өткізіледі. Чемпионатты өткізетін төрешілер құрамы 20 адамнан, 5 төреші Қытайдан 5 төреші Қазақстаннан, 10 төреші басқа елдерден, ал команда құрамы 5 адамнан, 3 спортшы, 1 жаттықтырушы, 1 команда жетекшісі, салмақ дәрежесі 70 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары болсын деген ережеге тоқталып отырмыз.

 — Аталмыш шара қытайдың қай районында өткізуді жоспарлап отырсыздар?
— Аталмыш сайысты өткізгелі отырған Іле қазақ автономиялы облысы Өртекес ауданы Қарағанды жайлауы. Бұл жерді жергілікті халық «тұлпар мекені» — деп атайды. Мұнда екіжүз мыңға жуық халық тұрады. Оның тоқсан мыңнан астамы қазақтар. Жыл сайын шілде айында осы мекенде халықаралық дәрежеде үлкен той өтеді. Бұл тойдың басқа тойдан ерекшелігі ашылу салтында он мың жылқыны көреременнің алдынынан айдап өтеміз. Бұл енді қытай ғана емес халықарада бола бермейді. Бұның өзі біздің қазақтардың атжалында өткен өр рухты халық екенін сонымен қатар біздің тойдың жылқымен байлаынсты ат үсті ойындары екенін білдіру. Міне осы тойды көру үшін алыс-жақын шетелден туристер көп келеді. Соныдықтан да осы жолғы аударсыпақ ойынын да бүкіл ел таңқаларық дәрежеде ойдағыдай өткізсек деп дайындық шараларын бастап кеттік.

— Қытай үкіметті сіздердің ұлттық спортты дамытуларыңызға қандай мүмкіндіктер беріп жатыр?
— Қытайда әр ұлттың дәстүріне үлкен құрметпен қарайды. Әр төрт жыл сайын республика көлемінде ұлттық спорттан мемлекеттік дәрежеде чемпионаттар өткізіліп тұрады. Ал қазақтар көп мекен еткен Шиыңжиаңда екі жылда бір рет әр ұлттың ұлттық спорт ойындары өтеді. Ал әр аймақ бойынша бір жылда бір рет немесе бірнеше мәрте өтіп жатқан жарыстар өте көп.

Мысалы
— Мысалы: Біздің Іле Қазақ автономиялы облысында бір жылда бір рет көкпар, қазақ күресі, теңге ілу, аударыспақ, бәйге түрлері бойынша үлкен жарыстар ұйымдастырылып келеді. Жақынғы жылдардан бері шетелден Рессей, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан сияқты төрт, бес елден арнайы командалар келіп халықаралық көкпаршылардың сайысын өткізіп келеміз. Мұны бүкіл қытай халық жақсы бағалап жатыр.

— Алда осы ұлттық спортты дамытуға деген қандай жоспрларыңыз бар?
Біз қазақтың ат үсті спорт түрлерін ерекше нәсихаттап келе жатырмыз. Бұдан былай да осы спорт түрлерін қытайың мемлекет ішінде тұрақты өткіп тұратын жарыстар ішіне кіргізсек деп жоспарлап жүрміз. Сонымен бірге бір қытай халқына ғана емес, осы жарыс түрлерін қазақстандағы қандастарымызбен бірлесе отырып бүкіл әлемге танытсақ деген ниет бар. Сондай-ақ, алда қазақстанда жоспарланып отырған түрлі чемпионаттарды екі ел қазақтары болып бірлесе тұлпар мекені Моңғүлкүреде жылына бір рет болса да өткізсек деген ұсыныстарымыз бар.

— Әңгімеңізге рахмет.

 _75A3886 _75A3890

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.