Нәбидолла Кикебаевтың 60 жылдық мерей тойы өтті

456Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ауыл шаруашылығы академиясының академигі, Мұғалжар жылқы тұқымының авторы Нәбидолла Кикебаевтың 60 жылдық мерей тойы өтті.

Нәбидолла Ақанұлы Кикебаев 1956 жылдың 10 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атақты «Дегерес» жылқы зауытында дүниеге келді. «Дегерес» жылқы зауытының дүрілдеп тұрған кезі еді, ол тікелей Мәскеуге қарайтын. Сол жылқының дүбірін бойына сіңіріп өскен Нәбидоллаға қазағымның «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегені дәл келіп өмірін осы қасиетті жылқы жануарға арнап келеді.

Алматы зоотехникалық, мал дәрігерлік институтын 1979 жылы қызыл дипломға бітіріп, аспирантураға жолдама алды. Студент кезінің өзінде конференцияларда ДНК», «Генетический код», «Полиморфизм трансферрина и гемоглобина в крови животных» деген тақырыптарға зерттеулер жүргізді.

Нәбидолла Ақанұлы қазақ ғалымдарынан қазақ жылқысын зерттеген диссертациясын алғашқы болып Бүкіл Одақтық жылқы институтында (Рязань қаласында) өте жоғары деңгейде қорғады. Диссертациялық жұмыс өте терең еді — әр бұлшық еттің (400 дей), сүйектердің құлын кезінен бастап, 3 жасқа дейінгі динамикасы анықталып, өсу зандалықтары зерттелді.

Сол 1990 жылға дейін қазақ жылқысы не Одақтық реестрде, не дүниежүзілік жылқы тұқымдары тізімінде ресми тіркелмегені анықталды. Бұған себеп болған Нәбидолла Ақанұлының қазақ жылқысының жаңа шыққан «Сарыарқа» зауыттық түрін Мәскеуден тіркеуден өткізуі болды. Ал бірақ бұларды тіркеу тұрмақ, ежелден келе жатқан қазақ жылқысының өзі еш жерде тіркелмегені анықталды. Бұл мәселе Нәбидолла Ақанұлының табандылығымен арнайы №238 – 28.12.1990 ж. бүйрығын шығарту арқылы қазақ жылқы тұқымы бар екенін, оны шығарған қазақ халқы екені жазғызды, сол арқылы дүние жүзінің жылқы тұқымдарының тізіміне енді.

DSC05797Ғалымның қазақ жылқы шаруашы­лығындағы еңбегінің ізі қалған. Ол Мұғалжар жылқы тұқымының «Қожанберді», «Сарыарқа» түрлері және Маупас, Местер, Сарыайғыр, Мерген айғырлары туралы ізденіп, 120-дан астам ғылыми еңбек, 9 кітап жазды. Бұдан басқа, қазақ жылқысының болашағы мен олардың гендері, қостанайлық жылқы тұқымы жайлы және ат спорты жө­нінде еңбектері де бар.  Сонымен қатар жыл­қыға қатысты халықаралық сөздікті (бес тілде) дүниеге әкелген, мал шаруашылығының азығы жөнінде ғылыми кітап жазған ғалым.
Қазақ жылқысын жоқтаушы әрі жаңартушы Нәбидолла Кикебаев әлемге қазақ жылқысын танытып қана қоймай, оны насихаттап жүргені де бөлек әңгіме. Қы­тай­дың Бейжің қаласындағы Съездер сарайында жылқы шаруашылығы мен спортын дамытуға байланысты 25 ел өкілдері бас қосқан жиында ғалым қазақ жылқысы, қазақ ат спорты жайлы қазақша баяндама жасады. Франция, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінде қазақ жылқысы туралы баяндама жасауы да білімділігін көрсетті. Нәбидолла Ақанұлы жас ғалымдарға ағалық кеңесін беруден де жалыққан емес. Біріне қамқор, біріне кеңесін аямаған тәлімгер.
Ғалымның ғылымдағы және жауапты қызметтегі жетістігі бір төбе. Ол Үкімет тарапынан да ескеріліп, талай мәрте мара­пат­талған.  КСРО кезінде-ақ  «КСРО-ның өнертапқышы» деген медаль алған. Еліміздің 10, 20 жылдық мерекелік медальдарымен және өнеркәсіп саласындағы жетістігі үшін «Алтын белгімен», сондай-ақ өткен жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісі және аграрлық білімге, ғылымға, өндіріске қосқан үлесі үшін де марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.