Семинар кеңес: Жамбы атуды қалай жандандырамыз!

Елімізде этникалық «Жамбы ату» спортын дамыту мақсатында, 11- желтоқсан күні Астана қаласында орналасқан : «Hilton Garden» қонақ үйінің мәжіліс залында  «Жамбы ату» спортын дамыту жолдары: ұлттық Садақ-жебе жасау және киім үлгісі» атты семинар кеңес ұйымдастырылды.

Келелі кеңеске  ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан  және  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, сондай-ақ, Жамбы ату ұлттық спорт түрін зерттеуші-этнограф Халиолла Саматұлы, қазіргі таңда аталмыш спорт түрін дамытумен айналысып жүрген азаматтар: Алдияр Нұрғазиев (Алаты об.), Мұрат Габдусалимов (Атырау қ), Руслан Әшімов (Астана қ.),  Рафаель Тулегенов (Алматы қ.), Алмаз Сүлейменов (Алматы қ.)  Данияр Әбдірахманов (Алматы об), Асхат  Баймаханов (Қарағанды  об.) Сәрсенбай Құлбаев (Алматы қалалық «Жамбы ату» фед. төрағасы және жаттықтырушы), Аман Бағдабаев (Маңғыстау облыстық «Жамбы ату» фед президенті),  Асланбек Жанбалаевтар (Атырау облыстық  жаттықтырушы) қатысты.

Семинар-кеңестің мақсаты:

  1. Қазіргі таңда еліміз көлемінде этникалық Садақ және Жебе жасап жүрген шеберлердің басын қосып, тәжірибе алмасу;
  2. «Жамбы ату» спортының байырғы жауынгерлік өнер ретіндегі этнотанымдық маңызын түсіндіру;
  3. Қазақ жауынгерлері қандай Жақ (садақ) және нендей Жебе түрлерін пайдаланды… осыны нақтылай отырып, қазіргі заманға сай Садақ-жебенің стандартын келісу;
  4. Болашақта «Жамбы ату» спортын дамыту үшін атыс түрлерін (ат үстінде қозғалыста ату, ат үстінде қозғалыссыз ату, жаяу жүріс-жүгіріс барысында ату т.б.) нақтылап, осы әдістерге сай Садақ түрлерін таңдау;
  5. Спортшылар қолданатын садаққа ұлттық нақышта рең беру;
  6. Жиында келісілген Садақ түрін жасаушыларға қолдау көрсету, шеберхана ұйымдастыру жолын қарастыру;
  7. Садақ ату өнерін тек спорттық емес бұқаралық сипат алатындай жағдай туғызу. Осы арқылы садақтарды сатылымға шығару.
  8. Спортшылардың киім үлгісін келісіп, талқылау.

Жоғарыда айтылған семинар кеңестің мақсатын айқындай түсу үшін: «Көшпенділердің жауынгерлік-этникалық садағының ерекшеліктері» тақырыбында  этнограф  Халиолла Саматұлы, «Қазіргі таңда этникалық садақ жасауды дамытып отырған халықтардың тәжірибесі» тақырыбында зерттеуші  Ерлан Қарин, «Еліміздегі садақ-жебе жасаудың бүгінгі ахуалы» тақырыбында «Жамбы ату» спортының жаттықтырушы Алдияр Нұрғазиевтар баяндама жасады.

Семинар-кеңесте соңында төмендегдей шешім қабылданды.

  1. 2016 жылдың спорттық Күнтізбесіне енгізу арқылы 15-қыркүйекте: Халықаралық садақшылардың Фестиваль-турнирін Ақмола об, Бурабай  кентіндегі «Оқжетпес» бауырайында  өткізу;
  2. Еліміздегі Садақ жасау шеберлеріне бекітілген үлгі негізінде Жақ (садақ-жебе) жасау шеберханасын ашу;
  3. «Жамбы ату» спортының Нысана үлгісі мен садақшының киім формасын бекіту;
  4. «Жамбы ату» спортын бұқаралық сипатта дамыту үшін насихат-жұмыс тобын құрып, міндет-мақсатын нақтылау.

_75A4046

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*