Асық атудан V ашық қалалық чемпионаты өтті

4 шілде күні «Астана күніне» арналған асық атудан «Алтын сақа» V қалалық ашық чемпионаты өтті. Бұл турнир дәстүрлі түрде 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы «Алтын сақа» жарысы ғалым-этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналды. Ұлттық спортымыз — асық ату чемпионатына еліміздің әр өңірінен қатысушылар келіп, қала тұрғындары арасынан да көрермендердің қарасы көп болды.

IMG_0655IMG_0654

434_4307cbd2bbaf3326a07bff9a7ab82482

Бұл іс-шараны Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен «Асық ату» Республикалық Федерациясы ұйымдастырса, ал ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы қаржылай көмек көрсетіп отыр. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 1-ші орынға – 100 000 тг., екінші орынға – 80 000 тг., үшінші орынға – 50 тг. көлемінде ақшалай сыйлық беріп, марапаттады.

Астана қаласының күніне Ақселеу Сейдімбековты еске алуға арналған асық атудан «Алтын сақа» V қалалық ашық чемпионатының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасынан 1-ші орынды Байтасов Ерлан иеленсе, 2-ші орынды Сейіт Ерасыл және  3-ші орынды Баймағамбетов Мағжан жеңіп алды.

Ал ересектер арасында 1-ші орынды — Рысбеков А., 2-ші орынды  — Толықбаев Е., 3-ші орынды – Махмұтов Ж. иеленді

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*