ШҚО Үржар ауданы: Құсбегілер сайында Тоқтасынов топ жарды

12626097_784581095003125_2143371243_n29-30 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүркітшілердің ересектер арасындағы республикалық X чемпионатына  Астана қаласы мен еліміздің 10 облысынан келген құсбегілердің қолындағы 28 бүркіт пен 4 қаршығаның қатысқан болатын.

Шығыс өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыс:

Бүркітшілердің киімі мен құс жабдығы;

Құсты қолға шақыру;

Шырға тарту;

Қоянға салу;

Түлкі қақтыру сияқты кезеңдермен бағаланды.

Соңғы қортынды бойынша Алматы облысының бүркітшісі Әнуар Тоқтасынов топ жарса, екінші орын – Бекболат Ысқақов (Павладор об), үшінші орын – Арман Қошқаров (Атырау об), төртінші орын – Арманбек Күнтуған (Астана қаласы) иеленді.

Қаршыға салудан, бірінші орын – Бабажан Бағдәулет (Жамбыл об), екінші орынға — Ақберен Құрманғалиев (Атырау об), үшінші орынға — Сейітжан Бекасыл (Алматы об) ие болды.

12674540_784581135003121_1959599592_n

12647844_784581185003116_1010532398_n

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*