27-29 мамыр — Алматы да Ұлы дала ойындары өтеді

Мамыр айының 27-29 жұлдыздарында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына және «Спорттық Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Ұлы Дала ойындары»  атты ұлттық спорт додасы өтеді.

«Ұлы Дала ойындары» атты бұл дүбірлі бәскеге тек төрт команда ғана білек сыбанып шықпақшы. Олар Астана, Алматы, Қызылорда және Орынбор қаласының командалары. Көзіқарақты жанкүйер жақсы біледі, кезінде Қызылорда мен Алматы қалалары және көрші Ресей иелігіндегі Орынбор қалалары әр жылдарда Қазақ елінің астанасы  болған өңірлер. Сондықтан  «Ұлы Дала ойындарына» қатысу мәртебесі сол бұрынғы бас қалалар мен қазіргі Астана қаласының  үлесіне тиді.

«Ұлы Дала ойындарына»  келген жанкүйерлер тоғыз түрлі ұлттық спорттың бәсекесін тамашалай алады. Атшабарда қашықтығы 25 шақырымға белгіленген аламан бәйге өтеді. Одан соң төрт команда арасында көкпар додасы басталады. Сондай-ақ, Аударыспақ, Теңге ілу, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ, Асық ату, Жамбы ату сайыстары да ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Жиналған қауым осы  «Ұлы Дала ойындарында» құсбегілік  өнердің көрсетілімдеріне де куә болмақ.

Негізгі мақсаты ҚР Президентінің «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру, Қазақ халқының Ұлы Дала Елін әлем халықтарына паш ету, еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен өзара татулық    қатынастарды нығайту саясатын  насихаттау және қоғамда ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру болып табылатын бұл «Ұлы Дала ойындарының» өткізілетін орны Алматы қаласының орталық ипподромы.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.