ҚР жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен чемпионат аяқталды

IMG_6001IMG_6142

IMG_5991IMG_6150

12-17 тамыз аралығында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы Көкпардан — ІХ, Аударыспақтан — ІХ, Қыз қуудан — VІІ, Теңге ілуден –VІІ чемпионаты өтті. Чемпионатты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қарағанды облысының әкімдігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Чемпионат 5 күнге жалғасып, жеңімпаздар ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қаржылай жүлдесіне ие болды. Жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен өткізіліп отырған чемпионатқа ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 2 130 000 теңге көлемінде қаржы бөліп отыр.
Чемпионатқа еліміздің 8 облысы: Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан командалар келді. Облыстардан көкпар мен аударыспақтан – 10 команда, қыз қуу мен теңге ілуден – 8 команда келіп, өзара ұлттық ат спорты түрлерінен додаға түсті.

Қарқаралыдағы жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен өткізілген чемпионаттың қорытындысы:
Көкпардан 1-ші орынды – Жамбыл облысы, 2-ші орынды – Алматы облысы, 3-ші орынды Астана қаласы жеңіп алды.
Теңге ілуден 1-ші орынды – Шығыс Қазақстан облысынан Сәлімжан Иманхан, 2-ші орынды – Жамбыл облысынан Айдын Әлімжан, 3-ші орынды – Қарағанды облысынан Бейімбет Сембаев иеленді.
Аударыспақтан 50 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды – Шығыс Қазақстандық Ернар Басриев, 2-ші орынды – Оңтүстік Қазақстандық Алмасбек Мамытбеков, 3-ші орынды – Жамбыл облысынан Айдос Асылханов ұтып алды.
Аударыспақтан 60 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды – Шығыс Қазақстандық Жансерік Ысқақов, 2-ші орынды – Қарағанды облысынан келген спортшы – Ердәулет Әміров, 3-ші орынды Оңтүстік Қазақстандық Бексұлтан Қадыр жеңіп алды.
70 келі салмағында 1-ші орынды – Шығыс Қазақстандық Ерасыл Қуандықов, 2-ші орынды — астаналық Абылай Нығмет, 3-ші орынды – Қарағанды облысынан келген спортшы Азамат Жаркен жеңіп алды.
80 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды — Оңтүстік Қазақстандық Есімхан Рахметіллә, 2-ші орынды – Шығыс Қазақстандық Асхат Асқаров, 3-ші орынды – Алматы облысынан Ермек Қарибаев жеңіп алды.
80 келіден жоғары дәрежеде 1-ші орынды — Шығыс Қазақстандық Шамысхан Мәсәлім, 2-ші орынды – Қызылорда облысынан Ерсұлтан Исабек, 3-ші орынды – Оңтүстік Қазақстандық Мәди Шойбеков ұтып алды.
Қыз қуудан 1-ші орынды – Шығыс Қазақстандық Еркеназ Ақышева мен Дарын Жанбасаров иеленді. 2-ші орынды – Оңтүстік Қазақстандық – Сандуғаш Садықова мен Ерсейіт Камалов жеңіп алды, 3-ші орынды – Жамбыл облысынан келген спортшылар Салтанат Байқұлақова мен Жансерік Жампоз жеңіп алды.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*