Алты Алашқа сауын айту: Дәстүрлі «АЛТЫН ТҰЛПАР» турнирі биыл 11-қыркүйекте өтеді

DSC_8588

Биыл үшінші дүркін ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «АЛТЫН ТҰЛПАР» аламан ат бәйгесі биыл Астана қаласы маңындағы Қабанбай ауылында қырқүйектің 11 күні өтетін болды.
Аталмыш шараға байланысты бүгін баспасөз конференциясы ұйымдастырлып оған ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, «Самұрық-Қазына» ҰЭҚ АҚ басқарушы директоры Дархан Кәлетаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық спорт түрлері басқармасының бастығы Мақсат Қойшыбаевтар қатысты.
Алғаш рет 2014 жылы өткізгілген бұл турнир «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына байланысты өтсе, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орайласқан еді. Биылғы бәйге Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.
Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы болса, демеушілер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Сонымен қатар шараның кең көлемді сипат алуына «Нұр Отан» партиясының қолдауы ерекше рөл атқаруда. Өйткені, партияның Докторинасында ұлттық құндылықтарды дамыту жайында арнайы бап енгізілген. Жарыс осының аясында өтіп жатыр.
Биылғы аламан бәйгенің жарыс жолы 51 шақырымды құрайды. Бәйге өткен жылдағыдай ұзындығы 12.5 шақырымды құрайтын үлкен аумақты шеңберді 4 дүркін айналып шабу арқылы жүргізіледі. Жарыс жолының бойына әрбір 2 шақырым сайын барлығы 7 бақылау бекеті орналасады. Бекеттерде телекамералар мен төрешілер, адам және мал дәрігерлері, тәртіп сақшылары тұрып, бәйге барысын бақылайды. Жарысқа қатысатын шабандоздарға түсі әртүрлі арқасында сандық нөмірі бар арнайы футболка кигізіледі.
Бекеттегі төрешілер көлденеңнен ат қосылып кетпеуін бақылайтын болса, телекамералар бәйге барысын халыққа тікелей эфирде көрсетеді. Бұлардан басқа 2 тікұшақ жарыс жолын үстінен айналып жүріп, бәйге аттарын биіктен бақылап камераға түсіреді. Көрермендер мен ат иелері өз жүйріктерінің қай тұста шауып бара жатқандығын ЛЭД экраннан бақылауға мүмкіндік қарастырылған.
Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлік бәсекеге түсуге мүмкіндік қарастырылған. Жарысқа жүйрік тұқымдардың барлығы қатыстырылады.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің биылғы жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде 10 млн. теңге. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға диплом және қаржылай жүлде беріледі.
Аталмыш шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы», «Киікбай сыншы» атындағы арнайы жүлделер бар.
Жарыс өтетін жерге жолауышлар тасымалдайтын автобус қатынайды. Жарыс кезінде концерттік бағдарлама, қол өнер көрмелері және тойшы қауымға арнап қымызмұрындық, ұлтық тағам түрлерінен фестиваль ұйымдастырылады.

Баспасөз қызметі

DSC_8613

DSC_8609

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.