Жастар чемпионаты басталды

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d3%a9%d0%ba%d0%bf%d0%b0%d1%80Қазақстан Республикасының көкпардан ХІІ, аударыспақтан ХІІ, теңге ілуден Х, жамбы атудан ІІ мәрте ұйымдастырылған Жастар  арасындағы ел чемпионаты Ақтөбе қаласында басталды.

Осы жылдың басты додасы саналатын бұл елішілік чемпионатқа Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы,  Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облыстарының командалары  келді. Алматы облысынан келген команда арасында көкпаршылар командасы болмады. 16 қазан күні өткізілген мандат комиссиясы келген командалардың  өтінімдерін  қабылдап, жарысқа жолдама берді. Бас төреші Қуанышбек Құрамаев төрешілермен кеңес өткізіп әр ойын түрлері бойынша төрешілердің міндеттерін бөліп, әр төрешінің орындары белгіленді. Жарыстың бас хатшысы Нүркен Байбөриев. Командалар арасында жеребе өткізіліп жарыс реті  анықталды. Жарыс шымылдығын көкпаршылар ашты.

Бүгін Ақтөбеде кенеттен күн салқындап, ойын барысына едәуір қолайсыздық тудырды. Дегенмен, бұл қолайсыздықты елей қойған жастар болмады. Жарысқа алдымен Оңтүстік Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысының көкпаршылары шықты.  Есеп 8-1.

Екінші кезекте Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының командалары сайысып, ойынды 5-0 есебімен аяқтады.

Үшінші кезекте Жамбыл облысының командасы мен Ақтөбе  командасы бақ сынасып, нәтижесінде  2-0 есебімен жамбылдық жастар басым түсті.

Бүгінгі күннің соңғы сайысы Ақмола облысы мен Алматы қаласының жастары арасында өтіп, ақмолалықтар 2-0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жастар чемпионатындағы көкпар додасы сайысының  басты ерекшелігі – көкпар серкесі  әдеттегідей қазандыққа емес, жерге сызылған шеңберге тасталуда. Болашақта ересектер көкпарында да қазандықсыз бәсеке өткізу жоспары бар көрінеді. Биылғы жастар чемпионатында сол жоспар алғаш рет тәжірибе жүзінде іске асырылуда екен.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*